Солдаттың соғыс кезінде жазған ғашықтық хаты табылды

24 октября 2017

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі махаббат хаты бір ғасыр өткен соң антикварлық тартпада табылған. Бүл туралы Daily Mail басылымы жазады. Джордж есімді солдат өзінің Эйлин есімді сүйіктісіне 1916 жылдың наурызында хат жазған. Хатында оны қатты сағынғанын, кездесуді асыға күтетінін айтқан. Онымен қоса, хатта сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап, неке жүзігін салып жіберген.

«Сені аяқ асты тастап кеткенім қатты жаныма батады. Хат арасына апамнан қалған жүзікті салдым- бұл менің саған міндетті түрде оралатынымның белгісі, уәдем болсын»- деп жазылған екен бұл ескі хатта.

Махаббат хатында Джордж сүйіктісінен өзіне барып қолын сұрай алмайтыны айтып кешірім сұраған. Осы ретте, хатты анасы арқылы тездетіп жеткізетініне уәде берген.

Арада 100 жыл өтті, алайда солдаттың сүйіктісі Эйлин осынау маңызды хатты оқи алды ма, жоқ па, ғашықтар кездесе алды ма  – белгісіз.

Дереккөз: «Қамшы»   


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика