Сиви Махмуди мен Ренат Баситов жанжалының сыры ашылды (видео)

4 апреля 2017

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде әнші Сиви Махмуди мен Ренат Баситовтың көшедегі жанжалы түсірілген видео кең таралған болатын. Әнші өзінің әріптестінің қымбат көлігін қиратып тастады. Куәгерлер түсірген видеода Сивидің «Ол кадрларды неге аласың, мен саған айттым ғой 3 балам бар» деп айқайлап жатқан сәті түсірілген. 

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоны қызу талқыға салды. Медиа саласының өкілдері өз пікірін білдірді. Жұрттың дені бұл арзан қойылым екенін айтып, желі қолданушыларының сана деңгейін төмен бағалағандары үшін әншілерді айыптады.
— Біздегі жұлдыздардың осындай PR нәрселер жасауда аудитория талғамын тым төмендетіп алатыны кішкене батады. Шын мәнінде «People’s хавает» деген сөз бар. Дөрекі айтсақ аудиторияға «Не берсең де, жұта береді» деген оймен нашар дүниелерді ұсына беру қазір өте көп, — дейді медиа сарапшы Назгүл Қожабек «31» арна тілшісіне берген сұхбатында.
Болжам расталды. Ғаламторда кең таралған видео расымен де қойылым болып шықты. Оның айқын дәлелі ретінде әншілердің «қойылымға» дайындық сәті түрсірілген видеоны ұсынуға болады.


Олар осы арқылы өздерінің жаңа туындысын жарнамалақ болыпты.

Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика