Сириялық баланың аянышты халі (видео)

4 апреля 2017

Осыдан бірнеше жыл бұрын Шам елінде дүрбелең басталды. Билікке таласқан топтар мен діни радикалдық топтардың арасында қырғын соғыс өрті тұтанды. Бұдан қарапайым халы қатты зәбір көріп отыр. Қанмаша қалалар қирады, мыңдаған тарихи ескерткіште жойылды, миллиондаған адам соғыс құрбанына айналды. Шамасы келгендер шетел асып, қауіпсіз жерге қоныс аударуға тырысуда. Ал оған шамасы келмейтін жетімдер мен жарлы-жақыбайлардың халі тіптен мүшкіл. Елдің кейбір бөліктерін аштық жайлай бастаған. 

Әлеуметтік желіде кең таралған видеода бірнеше күн бойына тамақ ішпеген баланың ересек адамнан азық сұрап тұрған сәті көрінеді. Оның қолында тамақтың жоғын білгенде бұл күйдің қашан аяқталатынын және бейбіт заманның қай уақытта орнайтынын сұрайды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика