Сирияға қашқан қазақстандықтар елге қайта алмай зар жылауда

13 Қыркүйек 2018

Қазақстанның ішкі саясат ведомствосы мемлекеттен өзге елге кетіп қалған 23 қазақстандықты қайтарып алу үшін бар күшін салуда деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сириядан елге қайтқысы келіп жүрген 16 баласы бар жеті қазақстандық әйел туралы ақпарат «Хабар 24» арнасында жарияланған болатын.

Отандастарымыздың өзге елде жүргеніне сегіз айдың жүзі болған.
БАҚ өкілдерінен көмек сұраған әйелдің айтуынша, олардың барлығы Алматы, Орал, Жезқазған және Ақтөбе қалаларының тумасы. Бүгінде олар босқындарға арналған лагерлерде нашар жағдайда күн кешуде. Онда тіпті, ауырып қалған балаларды емдемейтін болып шыққан.

«Бізді мына жерден алып кетуге көмектесіңіздерші» , — деп айтты келіншек.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Министрлік өкілдері қазіргі таңда Сирия мен Ирактағы қазақстандықтардың тұрақтап жатқан нақты мекен-жайын анықтау үстінде екенін айтты.
Оған қоса, шет елге кетіп қалғандардың ата-аналарынан да үнемі хаттар келуде.
Бұл мәселе бірқатар мекемелердің жіті бақылауына көшті. Тіпті өзге елге кетіп қалған отандастарды қайтаруды үшін арнайы тікүшақ берілмек.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, басқа мемлекетке қоныс аударған қазақстандықтар сириялық және ирактік биліктің тексерісінен өтеді. Радикалды қозғалысқа қатысы жоқтар мен кінәсіздер елге қайтарылмақ.
Ал егерде, олардың заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталса, отандастарымыз ата-ана құқығынан айырылып, тек қана балалары Қазақстанға оралуға құқылы болады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Сирия мен Иракқа шамамен 800-ге жуық қазақстандық кетіп қалды. Олардың ішіндегі 500-і 18 жасқа толмаған балалар.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика