Сириядағы химиялық шабуылға Ресейдің қатысы болуы мүмкін (видео)

5 апреля 2017

Шам елінде тағы да бір қайғылы жағдай орын алды. Сирия үкіметінің немесе ресейлік ұшақтардың Идлиб провинциясындағы Хан-Шейхундегі әуе шабуылынан  58 адам қаза тапқан. Кейін әуе шабуылы барысында химиялық қару қолданылғаны туралы ақпарат тарады. Қазір бұл істі БҰҰ өз қадағалуына алып, әскери қылмыс жөніндегі сарапшылар  бұл  ақпаратты тексере бастады. 

Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі осы мәселеге қатысты шұғыл жиын өткізіп, 4 сәуір күні жасалған шабуыл туралы баяндама жасады. БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистураның айтуынша, бұны әуеден жасалған химиялық шабуыл деуге болады.

Әйтсе де РФ  Қорғаныс министрлігі өздерінің Идлиб провинциясында әуе шабуылын жасамағанын мәлімдеді. Ал Сирия президенті Башар Асадтың үкіметі болса, бұл іске қатысы жоғын хабарлап, оны бүлікшілердің мойынына ілді. 

 «Қасым-ақпарат»

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика