Шыңдалған махаббат

29 Қараша 2016

Шыңдалған махаббатМені Шолпанмен Жеміс Тұрмағамбетқызы таныстырды. 

«Жеміс кім?» дейсіз бе. Қазақстанда осынау ақсары, толықтау келген өжет қызды білмейтін адам аз. Жетпісінші жылдардын, соңында заң ілімінің оқуын бітірген, орыс-қазақ тілдеріне бірдей жетік, қазіргі заманға сай зерек те зейінді жас замандастарымыздьің бірі. Асыра айтты демеңіз, шындығы осы. Оның Қазақстандағы адам құқын қорғау жөніндегі тұңғыш қоғамдық комитетті құруға белсене қатысқаны, желтоқсан оқиғасын зерттеген үкімет комиссиясының жұмыстарына, Мұхтар ІІІахановтың тікелей өзіне праволық тұрғыдан аса қажетті юристік жәрдем тигізгенін кезінде баспасөзде жазд ы қ та. Miнe, сол Жеміс иін тірескен ығы-жығы адамның ортасында тұрған мені кайдан көргенін білмеймін, касыма жүгіріп келіпті.
— Әнеукүнгі айткан қызбен танысқың келе ме?
—Қай қызбен?.. — Қапелімде көңіліце неше түрлі ой үйіріліп, абдырып қалады екенсің. Жас емеспіз бе. Соны сезді ме, Жеміс жымиып, жауын суы сорғалаған бет-жүзін қол орамалмен жайлап сүртті де, жеңімнен тартып шеткерірек алын шыкты.
— Есінде ме, әлгі, сүйген жігітін абақтыға іздеп баратын бойжеткен ше?..
— Иә, иә.
— Сол қарындасың осы арада жүр. Танысқың келсе ертіп апарайын.
…Біздің тұрған жеріміз — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі орналасқан үкімет үйінің алды болатын. 15 мамырда басталған (бұл 1990 жыл еді — К. Т.) Жоғарғы Кеңес сессиясына парламенттік тілші ретінде қатысып жүрген мені іштегі жағдайдан гөрі, парламенттің сыртындағы дүбірлі оқиғалар көбірек алаңдата берді. Себебі, сессия ашылған алғашқы күні-ақ бастарында. алатақиясы бар, иықтарына жасыл шапан жамылған оншақты бозбала «Біз «Алаш» партиясының өкілдеріміз» деп дабылдатып-ұрандатып, үкімет үйін айнала жүріп алды. Айқай-шу аралас сөз саптауларынан ұққаным, осы сессияда талқыланып жатқан бірқатар «піспеген» заңдардың қабылдауына үзілді-кесілді қарсы көрінеді. Әрине, қазір әркімнің өз ой-пікірін, саяси көзқарасын қай жерде болса да ашық білдіруге еркі бар, ала-құла заман ғой. Олардың іс-әрекетіне онша таңырқай қоймасам да, тенізге құйылған бұлақ секілді осы маңайға біртіндеп жинала бастаған кыз-жігіттердің (көбісі студент-ау), қарасы көбейгенінен іштей сескендім. Ешнәрсенің байыбына бармастан тіпті, не мәселе екенін де сұрамастан көз жұмып, сол даңғаза топқа әй-шәй жоқ қосыла кеткендеріне қалай налымайсың? Егер, (кұдай бетін аулақ қылсын) біреу-міреу үкімет үйін өртейік десе, одан да тайынбайтын секілді. Оның үстіне, рәзіңке дойырын сығымдай ұстап, қай жерден от шығар екен дегендей жалаңдап сылтау іздеп, каз-қатар тізіліп тұрған ОМОН (ерекше маңызды милиция отряды) анау Үкімет үйінің қос капталынан алып айдаһардай төне түсіп, неге әкелгені белгісіз, екі өртсөндіргіш (бәлкім, су шашқыш) машинаның тұрысы мынау. Білетін кісіге мұның соңы жақсылыққа апармайтыны белгілі емес пе. Желтоқсанда дәл осы көрініс баска тиді ғой. Әйтәуір, абырой болғанда, іштен бірнеше депутат шығып, әлгі қызынып алған топты әрең тоқтатты. Арадағы бірқыдыру әңгімеден кейін, орнықты сөз көнілдеріне қонған жұрттың саябырлағанын байқаған болулары керек, жасыл шапандылар колдарын бір сілтеп, бұрылып кетті. Сосын жапа-тармағай қоржындарын ашып, жиналған көпшіліктің артық ақшасын қағуға кірісті. «Бір данасы — бір сом. Алыңыздар, Алыңыздар! Қазақстандағы қызыл коммунистердің айла-шарғысын әшкерелейтін ең әділ, ең шыншыл басылыммен танысыңыздар»… деген үйреншікті дауыстары да естіле бастады. Бұл алғашқы күнгі көрініс дедім ғой. Осы сәт әлдекімнің ұсынысымен депутаттар сонау ашық алаңқайда, шақырайған күннің астында аштық жариялауға кіріскен бес жігіттін қасына барды. Қызық көруге жиналған калың нөпір де лықсып, солай карай жылжыды. Ауыздарын ақ шүберекпен тасқып таңып алған бұл бесеуі — «Желтоқсан» коғамдық комитетінің (ол кезде әлі партия емес) мүшелері еді. Жиналмалы жайма төсек, бірнеше орындық әкеліп, төрт канат киіз үй тіккендеріне карағанда, ұзаққа бел байлаған ниеттері бар.
— Ал, тілектеріңді айтыңдар. Біз де тыңдайық, басқалар да естісін, — деді орта бойлы, ақсұр өнді, тарамыс кісі байыппен тіл қатып. (Бұл — республика халык депутаты Николай Ильич Акуев екенін кейіиірек білдім).
— Айт десеңіздер, мен айтайын, — деді жігіттердін ортасында отырған сақалды жігіт аузындағы дәкесін шешіп.
— Біз бүкіл желтоқсандықтардың атынан өз өмірімізді осынау қиын да қасиетті мақсат үшін қиюға өз еркімізбен шығып отырмыз. Ең алдымен, абақтыда отырған қалған жігіттердін тегіс босатылуын талап етеміз. Екінші, желтоксан оқиғасын тексеріп жаткан комиссияға үкімет тарапынан толық қолдау көрсетілсін. Арнайы кабинет, көлік, байланыс құралдары берілсін. Осы талаптар орындалмайынша бізді райымыздан қайтарамыз деп, сөз шығындамай-ақ қойыңыздар. Сіздерге халық сенген өкіл ретінде үміт артамыз. Право корғау органдарына, жоғарыдағы басшыларға тілегімізді жеткізіңіздер. Қол ұшын беріңіздер. Абақтыда жазықсыз отырған жастардың аты-жөндері мына үндеуде жазылған…
Қос параққа түсірілген талап-тілектерге асығыс көз жүгіртіп шыққан депутаттар үнсіз қалды. Расында да тиісті заң, орындарының араласуынсыз бұл мәселені бірден шеше қоямыз деп, уәде берудің өзі қисынға келмейтін шаруа еді. Содан ба, олар тура жауап беруден тайсақтап, парламенттің басқа мүшелерімен ақылдасуға кетті.
Күн тәртібіндегі талқылануға тиісті басқа мәселелердің бәрін жиып қойып, өздерін тығырыққа тіреген мынау төтенше жағдайдың төңірегінде ақылдасып-кеңесіп, мәжіліс құрып жатқандарына бүгін міне, төртінші күн!
Шелектеп күйған кәктемгі нөсер жаңбырға да карамастан, не болар екен деп, әліптің артын баққан жұрт тарқар емес. Иіріліп түр…
Жеміс екеуміз суға малшынған күйі жүгіріп келіп, қырық-елу қадам жердегі киіз үйдің есігін аштық. Іште жастар толып отыр екен. Жүзтанысы бар, бейтанысы бар— жамырай амандасқан олардың арасынан іздеген адамымызды да таптық-ау. Жүзінен ұяңдық, балалық табы әлі арылмаған аққұба, талдырмаш қызды көргенде, әнеу күннен бері киялымда берік орнығып қалған өжет мінезді арудын бейнесімен еріксіз салыстырғаным
рас. Оған мүлде үқсамайтыны өз алдына, Шолпан сөзге де тым шорқақ екен. Бірден сыр аша қоймады.
— Білетін шығарсыз, — деді аз-кем таныстықтан соң күрсініп. — Желтоқсандықтар босатуды талап етіп отырған төртеудің бірі — Жамбыл Тайжұмаев — менің күйеуім.

* * *

…Алматыдан хат үзілгелі де көп болды. «Бәлкім жаңа жыл қарсаңында өзіңе барып қайтармын» деген Жамбылдын екіұштылау соңғы хатынан кейін, тырс еткен хабар болсайшы. Оның үстіне «Алматыда студент жастардың ереуілі өтіпті. Алаңға шыққан қыз-жігіттерді темір құрсанған қалың әскер қынадай жусатып салыпты»… деген секілді жүрек ауыртар алып-қашпа сөздер де әбден үрейін ұшырып бітті. Бұл кезде Шолпан Гурьев облыстық қаржы есептеу мекемесінде инженер-электроник болып қызмет атқаратын. Екеуінің танысқандарына үш жылдың жүзі өтсе де, әлі сөз байласып үлгермеген студент бозбаланың кандай күйге ұшырағанын білмей дал болды. Республикалық газеттердің бірінен «ұлтшыл», «экстремист» атанған Жамбылдың аты-жөнін оқығанда, өз «өзіне өзі сенбеді. Ғұмыр бойы қой соңында салпақтап, бейнеттенген шопан әкесіне қолғанат, көмекші болып өскен, біртоға, сабырлы көрінген қараторы жігітті ондай басбұзарлыққа кимаған. «Экстремист» дейді. «О, сұмдық-ай!». Енді бір сәт Алаңға немене іздеп барды екен?» деген өкпе-наздың да кылаң беріп өткені рас.

* * *

Алматы энерго-кұрылыс техникумының 3-курсында окып жүрген Жамбыл қысқы сессиясының емтихандарын ойдағыдай тапсырып, сырт көзге ештене сездірмегенімен, іштей көңілі күпті еді. Желтоқсанның 18-күні бір топ қүрбыларымен бірге Брежнев алаңына барғаны, ғұмыры бағы жанбаған сор маңдай қазақтың жыртысын жыртқаны техникумға белгілі болған соң, арты үлкен дауга айналып, оқудан шығу қаупі күшейіп келе жатқан. Күткендей-ақ, 5-қаңтар күні электроника пәнінен алған «бестік» бағасын студенттік кітапшасына койдыруға барғаны сол еді, техникум басшылары «өз еркімен» қош айтысуға емеурін білдірді. Сөйтіп әрі-сәрі күй кешіп жүргенде, арада түп-тура екі апта өтісімен, кантардың 21 күні қамауға алынбасы бар ма! Өзіне тағылған айыптың қандай қауіпті екенін ол сонда барып түсінді.
Алаңдағы ию-қию аласапыранды «ұйымдастырушы», оның үстіне сонда бас-сүйегі жарылып, ауыр жарақат алған жасакшы Г. Ведельдің соққыға жығылуына негізгі кінәлі осы көрінеді-мic. Ал «керек болса! «Жәбірленушімен» бетпе-бет жүздесуде кісі ұрмақ түгілі оны бірінші рет көріп тұрғанын айтып шырылдады. Енді қайтсін, нақақ күйіп бара жатыр ғой, нақақ. Анау да иман-жүзділеу орыс екен: «Мен дәл осы жігіт ұрды деп айта алмаймын» дегені, жарықтық. Бірақ, тергеушілер істі тезірек бітіргісі келді-ау деймін, «Кінәлісің, бітті» деді.
Қайдан пайда болғандары белгісіз, әйел-еркегі аралас он шақты куә «Жасақшыны ұрған осы» деп сотта тұрып алды. Басқасы басқа, өзімен бірге бір техникумда оқитын Стамқұловқа не жорық?» «Мир көшесі мен Сәтбаев көшесінің қиылысында Тайжұмаев автобусқа шабуыл жасады, сосын қызыл түсті темір затпен жасакшының басынан екі-үш рет ұрды» деп аузы қисаймай соғе-еп тұр. Бәрінен бұрын касында жүрген жолдасыңның қиын- қыстауда сатып кеткені жанға батады екен, Әй, күйдірді- ау, күйдірді. Әйтпесе, Жамбылдың, колында темір емес, Ілияс Есенберлиннід «Көшпенділер» атты кітабы болғанын көрген куәлер да бар еді ғой арада. Амал не, айналасы бірер айдын ішінде (25 мамырда басталған сот ісі 16 маусымда аяқталды) Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60, 65-ші баптарымен «ұлтшыл», «бұзақы» атанып ол он бес жылға айдалып кете барды… Мұның бәрін – бүкіл өмірінін астан-кестенін шығарған желтоқсан дүрбеленінің зардаптарын ойға алып, зердесінен өткізіп үлгермеген 24 жасар жігіт сүйген қызына қалай, қайтіп жазсын? «Жазықсыз сотталдым, кешір…» дей ме? Оған сенсе жақсы, сенбесе?…
Алыстан үміт етін, асқар Алатаудай арқа сүйеп, сеніп жүрген жігітінен біржола түңілмей ме? Осылайша кінәсіздігін дәлелдеуге еш дәрмені қалмаған Жамбыл не болса да үн-түнсіз аттануды мақұл көрді. «Ақикат бар екені рас болса, уақыттың өзі ерте ме кеш пе ақ-карасын ажыратар» деген әлсіз бір үмітті өзімен бірге ала кетті…
Тамыз айыңда кезекті еңбек демалысьш алғанға дейін құр сүлдері шыдаған Шолпан ойланбастан бірден Алматыға тартты. Жыл сайын қыдырып келгенде екеуден- екеу қол ұстасып жүріп тамашалайтын астананың әсем көшелері де, жасыл желекке бөленген сұлу келбеті де оны бұл жолы қызықтырған жок. Өрекпіген жүрегі алып-ұшып, Жамбылдың туыстарынан танитын жалғыз адамы — әпкесі Гүлфатиманы тезірек тауып алуға асықты. Шығыс қыздарының көпшілігіне тән табиғи ибалықтан аса алмай, әрі, оң жақта отырған бойжеткеннің, жігітті іздеп баруын неге жоритынын жақсы білетін Шолпан табалдырықтан имене аттағанда, заты әйел емес пе, әпкесі жылап жіберді. Інісі Жамбылдың басынан өткен хикаяны үзіп-жұлып, асығыс-үсігіс баяндап жатыр, баяндап жатыр. Шолпанның бар ұққаны: Жамбыл жаласын өтеуге Қостанай жаққа жіберіліпті. Ұзаққа.
Қалған әңгіміелерге ол прокуратура тергеушілерінен қанықты. «Ұлтшыл екенін өзі ашық мойындады. Ал, ол жақтан аман оралуы неғайбыл» деді олар.
— Менің онымен кездесуіме бола ма?— деген мұның аңғал сауалына шені үлкендеу бір бастықтың мекірене күліп, бас шайқағаны да есінде.
— Болмайды. Сен оның әйелі емессін, тіпті жақыны да емессің, — деген астарлы сөзінен кейін кос бетінің алаулап өртенгені-ай!…
«Сүю адамнын бүкіл ізгі қасиеттерінің басын қосады» (О. Бальзак) дегендей, адам баласынын бойында адамгершілік асыл қасиет пен сүйіспеншілік, ақыл мен парасат бас қоса білсе, жол-женекей кездесетін киыншылықтар да, елдің қаңқу сөзі де әшейін бейшаралық болып қалады екен. Шолпан бел шешіп бір кіріскен соң, шегінуді ар санады. Қоярда-коймай жүріп, жүздесуге рұксат алды. Тәңірдің жазымышын қойсаңызшы бұл, желтоқсан окиғасына тұп-тура бір жыл толған күні 1987 жылдын 17 желтоксанында бұлар — Шолпан және Жамбылдың анасы Күлшан, ағасы Айбек үшеуі сон-ау қияндағы Құсмұрынға аттанды. Осы бір ұмытылмас сапарда бар шындықты Жамбылдың өз аузынан естігеннен кейін көңілі катты толқып, екеуі уәде алысты. «Қанша күт десен де күтем» деп серт берді бұл. Айтуға оңай болғанымен, өздері аңсаған бақытқа қол жеткізудің әлі де талай-талай сынға саларын, алда қиындыкқа толы қаншама күндер мен түндер күтіп түрғанын бір-біріне ынтық жүректер айтқызбай-ақ сезген еді.
Алғашқы киындық — Шолпанның ата-анасының ештеңеден хабарсыздығы — өткел бермес құз-шыңырау тәрізді еді. Қай әке-шеше күн тигізібей әлпештеп өсірген бойжеткен қызын түрмедегі қайдағы бір танымайтын көлденең көк аттымен некелесуге кияды? Қимайды әрине. Оларды қалай көндіргені Шолпаннын бір өзіне ғана аян. Әйтеуір, көп ұзатпай үлкендердің келісімін алды. Енді темір тордың арғы жағындағы торыққан дәрменсіз жігіттің бар үміті, бар сүйеніші өзі екенін жан-жүрегімен ұғынып, сезіне білген ол астанадағы заң кеңселері орналаскан иір-қиыр дәліздерді аралауға кірісті. Ондағы ойы — Жамбылға паспорт алу еді. Екін ш і— алдынан кездескен терең шыңырау осы болды. Біріншіден, біздің елімізде жүз жерден өртеніп ғашык болсаң да паспортсыз тірі адамды некеге отырғызбайтынын екінң бірі білуге тиіс. Екіншіден, күн сайын, аяғыңызды аттап басқан сәтіңізде алдыңыздан шырмауықтай шұбатылып шыға келетін тамыры теренге кеткен әкімшіліктің, қағаз бастылықтың, жүрек айнытар мысалдарын бастан өткермеген жан аз шығар. Міне, осындай етектен тартқан ескі тоталитарлық жүйенің небір қиындыктарынан әупіріммен өтіп, келер жылдың күзінде яғни, 1988 жылдың 21 қазанында Құсмұрын азаматтық хал актілерін тексеру бюросынан Жамбылдың паспортын алды-ау. Бір жылы осылай күрспен өтті.
Айтпақшы, бұған дейін Шолпанның өмірінде үлкен бір өзгеріс болғанын ұмытып барады екенбіз ғой. Иә, иә. Сол жылдың 15 қыркүйегінде ол ата-баба дәстүрімен Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Пионер» совхозындағы Тайжұмаевтар, әулетінің босағасына келін боп түсті. Бұл өзі халықтық тұрмыс-салтымызда сирек кездесетін оқиға болғандықтан ба, жок, әлемді дүр сілкіндірген желтоксан жаңғырықтары алыстағы ауыл адамдарының да ой-санасын оятты ма, үлкен-кішінің бәрі күйеу жігітсіз өткен сол беташар тойға аса бір ынтазарлықгген қатысып, ең бастысы, түсіністкпен қарады. Ауласында қазаны көтеріліп, төрінде дастарханы жайылған кара шаңырақтың табалдырығынан оң аяғымен аттаған келіндеріне ауыл-аймағының ерекше ыстык ықыласын аңғарған Қожамжар аксақал мен Күлшан апайда да ес жоқ. «Қадамың құтты болғай, құтты болғай!..» деп күбірлеп, шашу шашып жүрген жеңгелері де қуаныштан біресе жылайды, біресе күледі…
Өмір деген әне! Осынысымен қызық. Осынысымен күрделі.
Адамзат тарихы бастан өткерген алуан-алуан оқиғалардың ұқсастығы да кейде еріксіз таңырқатады ғой.
Осыдан бір жарым ғасыр бұрын, 1885 жылы желтоқсан айының 14 күні Сенат алаңында патша үкіметіне карсы көтеріліске катысқаны үшін көптеген «декабристердің»
қатаң жазаланғаны тарихтан белгілі. Сонда 579 адам тергеуге алынып, оның жүзден астамы Сібірге жер аударылды. Сезім мен сананы кұрсаған мәңгілік бұғаудан, рухани құлдықтан бүкіл адам баласын кұтқаруды аңсаған озық ойлы бес «декабрист» 1826 жылдың 13 шілдесінде дарға асылды: Бірақ, караңғылықта мүлгіген халықтың көкірегіне сәуле түсіріп, ұйқыдан оятуға талпынған «декабристердің» сол жарқын идеясын патшалық әкімдер қанша әрекеттенсе де күшпен жаныштай алмағаны тағы ақиқат. «Зая бір кетпес жалғанда, Қайғылы мехнат ер талап»… (А. С. Пушкиннің декабристерге арнауы). — Түбінде әділдіктің жеңетініне сенген ақын да осылайша шер төккен.
Иә-ә… Ал, 1986 жылғы желтоқсанда, Брежнев алаңында да Орталық әкімшіддік-әміршілдік саясатына ашық қарсылық білдірген «декабристердің» (олар өздерін кейде осылай атайды — К- Т.) 1400-іне тәртіп қорғау органдары тарапынан әкімшілік шара қолданылып, оның 99-ы сотталғаны да «ақырын-ақырын алыстап», бүгін тарихқа айналып барады. Мұнда да екі адам — Қайрат Рыскүлбеков пен Мырзағали Әбдіқұлов ең жоғарғы үкімге — ату жазасына кесілді. Алайда, тап осындай орта ғасырлық немесе сталиндік жазалау әдісімен дүние жүзн шулатуға батылы бармаған Мәскеудің бұл жазаны кейінірек у-шусыз 20 жылмен алмастырғаны да белгілі. Бір ғана нәрсе айқын — басқаларға сабақ болу үшін қазақ жастарын қудалау, соттау аяусыз жүргізілді.
Арада бір жарым ғасыр уакыт өтсе де маған осынау екі ұлы оқиғаның арасында табиғи ұксастық бар секілді көрінеді де тұрады. Сенат алаңындағы бас көтеру Россиядағы революциялық қозғалыстың бастамасы болса, Брежнев алаңындағы бас көтеру — Қазакстандағы, сонымен қатар бүкіл Орта Азия, Европадағы демократиялық козғалыстың бастамасы болғанына шәк келтірушілер шыға қоймас. ІІІыға қалса — адамгершілік арына сын.
Осы орайда; екі ғасырдың екі окиғасын салыстыра отырып, барша әйел затының қадір-касиетін арттыра түсер, ерлікке пара-пар тағы бір ізгілік шұғыласын байкамау мүмкін емес. «Сүю дегеніміз — сүйген адамыңның, өмірін кешу» деп данышпан Лев Толстойдың да ой түюіне тікелей әсер еткен, бәлкім, осы әйел бойындағы ізгілік нұры болар. Махаббатқа адал, нәзік те қайсар жандардың кыстың көзі қырауда ұлыған боранмен алысып, мыңдаған шакырым жол азабын тартып, ер-азаматтарының соңдарынан іздеп баруы теңдессіз ерлік екені рас. Ұрпақтан ұрпаққа аңыз боп жалғасқан сол үрдісті (құдай басқа салмасын деңіз) кайта жаңғырткан Шолпанның табандылығы да бәріміз бас июге тұрарлық ерлік екеніне кәміл сеніңіздер. Уакыт ағымымен уысынан сусып шығып бара жатқан империялық биліктен айырылмас үшін Орталықтың жанталасқан өктем саясатының кездейсоқ құрбандығына ұшыраған ең сүйікті адамының әділетсіздіктен жапа шеккен әлсіз жанарындағы өмірге деген құштарлық отын қайта жандыру оған қаншама күшке түсті десеңізші. Екеуінің, ортақ бақыты, жарқын болашағы үшін бақыт жолындағы күресте жеке тартқан жан азабы да аз ба?… Аз емес. «Азап пен мехнатты адал махаббат қана жеңетінін» (Ф. Шиллер) айдай әлемге тағы мойындатқан осынау каршадай қазақ қызының желтоқсан дауылында шыңдалған асыл махаббаты алдында, білесіз бе, түрменің тас кабырғалары да бөгет бола алмады. Дәл солай. Олар 1988 жылғы қарашаньщ 14-інде заңды түрде некеге тұрды. Тәтті түс секілді, елес боп қалған сондағы неке қию сәтінде абақтыдағы қызметші әйелдердің дабырласып, екі жасқа шашу шашқаны да Шолпанның есінде. Қызығына тоймас бұл жалғанның аз ғана қуанышын көпсінгендей ерлі-зайыпты атанған аса қымбат минуттардан соң Жамбылды автомат асынғандардың қайыра алып кеткенін де ұмытқан жоқ. Сол сәтте жүрек тұсының, шымырлап қатты сыздағаны, оның да, өзінің де қимастықпен бір-біріне қайта-кайта қарай бергені, ұмтыла түсіп бөгелгені, бәрі-бәрі, есінде…
Екеуінің ғана емес, ондаған, жүздеген кыз-жігіттін тағдырын тәлкекке салған ол күндер қалай ұмытылсын?…
Шолпан әңгімесін үзіп-жұлып аяқтағанда, іштей толқыған мен қарсы алдымдағы талдырмаш арудың рухы сәт сайын биіктеп-асқақтап бара жатқанын, оның бойынан батырлық, батырлық іздеуім де бекер емес екенін сезіндім. Гүлдей үлбіреген нәзіктіктің астарында жай көзге көрінбейтін осыншама алуан-алуан қасиеттер тұнып жатыр деп кім ойлаған?
Екеуміз де үнсізбіз…
Сырттағы несер жаңбыр әлі толастамапты. Төпеп түр. «Аспанның түбі тесіліп кеткені ме бұл?» — деп есікке таяу бұйығып отырған бір бойжеткен сыртқа көз салды да:
— Ой, депутат ағайлар келе жатыр, — деді абдырап. Бәріміз сыртқа ұмтылдық. Есік алдында жастардың төрт күннен бері сарыла күтіп жүрген «меншікті» депутаты Акуев пен белгілі жазушы (ол да депутат) Әбіш Кекілбаев келіп түр екен. Үп-үлкен адамдарды әбігерге түсіріп, қойғандарына қымсынды ма, жоқ әлде әбден суға малшынған түрлеріне шын жаны ашыда ма, бірнеше қыз оларға қолшатырын қатар ұсынды.
— Рахмет айналайын! Сендерге жақсылық хабар әкелдік, — деді Әбіш аға бұйра шашынан көктемгі жаңбырдың күміс тамшылары домалап. Сосын төс қалтасынан мына қағазды суырып алып, бәрі естісін дегендей дауыстап оқи бастады:

АНЫҚТАМА

1990 жылы 18 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Президиумы Қазақ КСР Жоғарғы Соты қылмыстык істер жөніндегі сот коллегиясының 1987 жылғы 16 маусымдағы үкімін өзгертті. Т. Тәшеновтың жазасын он жылға дейін, К. Күзембаев пен Ж . Тайжұмаевтың жазалары үш жыл бес айға дейін төмендетілді. Қ. Күзембаев пен Ж. Тайжұмаев камаудан шүғыл түрде босатылады.

Қазақ КСР Жоғарғы сотынык тврағасы
Ж. АЙТМҰХАНБЕТОВ.

Мұны естіген сәттегі қыз-жігіттердін, шексіз қуанышын, бірін-бірі құшақтай сүйгенін, құттықтағанын бәрін- бәрін көре тұрып, мен көзіммен Шолпанды іздедім. Әне!
Киіз үйдің керегесіне сүйеніп ол үнсіз жылап тұр екен…

* * *

Арада жиырма күндей уақыт өтті. Алматыдағы Кино үйінде өтуге тиіс бір бейресми мәжілісіке қатысу үшін, айтылған уақыттан сәл ертерек келгенмін. Есіктен енгенім сол еді, үстінде көгілдір көйлегі бар Шолпан карсы жолыға кетті. Қасында бойы теректей кара торы жігіт жүр.
«Мұнысы кім?» дегендей сұраулы жүзбен тосылып қалсам керек, сұңғыла кыз ойымды сезе койып, күліп жіберді:
— Танысыңыз, аға, — деді сосын еркелей тіл қатып. — Жамбыл ініңіз осы…

Коммунар ТАБЕЕВ
16 шілде, 1990 жыл.
«Алматы. 1986. Желтоқсан» 2-кітап
«Қасым» порталы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика