ШЫН ДАРЫН ҒАНА МОЙЫНДАЙ АЛАДЫ. (Аягүл МАНТАЙ)

24 Сәуір 2018

Хемингуэйдің мынандай сөзі бар: «Мен Достоевский туралы көп ойлаймын. Осыншама нашар жазатын жазушы адамға қалайша қатты әсер ете алады?» дейді. Мойындау ма? Әрине, мойындау! Шын талантты жазушы ғана қызғанса да, тіпті күндесе де, өзі бәсекелесетін жазушының дарынды екенін мойындай алады. Қоғам алдында ашық айтпаса да, ол туралы арнайы мақала жазбаса да, өзімен өзі оңаша қалғанда мойындайды. Талантсыз ғана мойындауды білмейді. Себебі, олар шығармашылық процесті ешқашан жүрекпен өткізе алмайды. Жұрттар «өнердегі дұшпандар» санаған Пикассо мен Модильяни де бірін-бірі, шын мәнінде, мойындады. Ясная Полянаға барғанымызда Толстой үйінің ғылыми маманы: «Толстой мен Достоевскийдің қарым-қатынасын бүгінгі әдебиетшілер күрделендіріп жіберген сияқты. Лев Толстой, шын мәнінде, Достоевскийді құрметтеген, оның шығармашылығын жоғары бағалаған» деп еді. Шын талантты адамдардың қарым-қатынасы күрделі болуы да заңдылық. Себебі, олардың тағдыры, шығармашылық тағдыры, болмысы күрделі ғой.

Аягүл МАНТАЙ,
жазушы
(«Фейсбук» парақшасынан)


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика