Шымкенттіктерді шеттетпеуге шақырды

20 февраля 2017

бауыржан байбекАлматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде қаладағы муиниципальдық автобус паркінің не себептен шымкенттік компанияның қолына берілгенін түсіндіріп берді. Оның айтуынша, автобус паркінде дұрыс жұмыс істемейтін қызметкерлер кездескен. Біреулері бензин орнына су құйып жіберсе, келесілері қосалқы бөлшектерді қолды қылған. Осылайша қоғамдық көліктің үздіксіз жүруіне кедергі келтіреді. Сондықтан да қала билігі оны жекеменшікке беру туралы шешім шығарған. 

Адам өзінің жеке мүлкіне барынша қамқорлық танытады ғой. Алайда халық арасында «неге шымкенттіктерге береді?» деген жел сөз есіп кеткен. Бұл қала басшысының шамына тиіпті.

«Ғаламторда «шымкенттіктерге беріп қойды» деп жазып жүр. Сіздерге Шымкенттіктер жаман деп кім айтты? Тіпті олар басқаларға қарағанда ұтымды жұмыс істейді. Олар жұмысты емес жұмыс оларды іздеп табады. Біздің қаламызда тұратындардың да басым бөлігінің шыққан жері сол өңір екендігін ұмытпауымыз керек», — дейді қала әкімі.

Бауыржан Байбектің айтуынша, автобус паркін осы салада ұзақ жылдық тәжірибеге ие «Green Bus» компониясы иеленген.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика