Имам өзін мазақ қылған Иегова куәгерінің үстінен шағым түсірді

15 Шілде 2017

Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде имам болып қызмет істейтін азамат Иегова куәгерлерінің үстінен шағым түсірді. Ол діни кітаптарды таратумен қатар, тұрғындардың үйіне барып уағыз жүргізген. Тіпті облыстық мешіттің имамын да өз қатарына қосып алмақ болыпты.

Оқиға демалыс күндерінің бірінде орын алған. Иегова куәгері тұрғын үйлерді аралап, жұртқа үгіт-насихат жүргізеді. Сөйтіп облыстық мешіт имамының үйіне келген. Ол әңгімелесушісінің білдей бір мешітте имам болып қызмет ететіні қарамастан, оны өз дініне өткізбек болған. Түрлі кітаптар мен гаджеттерді қолданып, уағыз жүргізген. Жат дін өкілінің бұл әрекеті имамның шамына тиіпті. Ол бірден полиция шақырып, Иегова куәгерінің үстінен өзі  мазақ қылғаны үшін шағым түсіреді. Істі қараған сот  діни әдебиеттерді заңсыз таратқаны үшін Иегова куәгерін айыпты деп танып, 226 мың теңге айыппұл төлеу туралы үкім шығарды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика