Шымкентте қыздарға арналған ерекше тариф белгіленді

15 апреля 2017

Шымкент қаласындағы маршруттік таксилер қыз-келіншектерді тегін тасымалдауда. №54 қалалық маршруттің жүргізушісі өзіндік тариф бағасын енгізіпті. Яғни қоғамдық көлікте студенттер 50 теңгемен жүрсе, қыздар тегін жүреді. Бұл туралы Нұрдәулет Бекбауов есімді желі қолданушысы хабарлады.

Шымкентте қалалық автобустарда жүру ақысы 70 теңгені құрайды,  егер студенттік билетті көрсететін болса, онда 50 теңге. Ал №54 маршруттің жүргізушісі қыздарды тегін тасымалдайтын тарифті енгізіп отыр екен. Алайда тегін жүру үшін қыздардың жасы қаншада екені көрсетілмеген.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика