Шымкентте 135 балаға СПИД жұқтырғаны хабарланды

22 февраля 2018

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ жұқтырған 135 бала өзінің статусы туралы білген. Бұл жайында облыстық СПИД орталығында өткен баспасөз мәслихатында Ана мен бала орталығының бас дәрігері Бақытжан Шәкенов айтты, деп хабарлайды centralasian.org.


Бақытжан Шакеновтің сөзінше, орталық ВИЧ жұқтырған балалардың статусы туралы ақпаратты үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен хабарлайды.

«Баланың мәртебесін 11-12 жаста ашқан дұрыс. Бұл үшін ата-анасы рұқсат беруі керек. 2017 жылы 135 баланың статусы ашылды. Биыл 45 баланың статусын ашуды ойластырып отырмыз. Cтатусы ашылған балалардың өзімен жұмыс істеп жатырмыз. Ата-анасымен тығыз байланыста болып, өмірге бейімделуге көмек беріп келеміз», — дейді Бақытжан Шакенов.

Бас дәрігердің мәліметінше, бүгін де облыстық Ана мен бала орталығында ВИЧ жұқтырған 242 бала тіркеуде тұр. Олардың тоғызы 2017 жылы тіркеуге алынған.

Дeреккөз: sputniknews.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика