Шымкент қаласында алты жасар қыздарға тиіскен педофил ұсталды

24 марта 2018

Шымкент қаласында Ұлттық ұлан сарбаздары алты жастағы қыздарға тиіскен педофилді ұстады. Олар әйел адамның шағымы бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні ізін суытпай қолға түсірген. 

Шағымданушы әйелдің айтуынша, оның алты жастағы егіз қызына көп қабатты үйдің кіре берісінде 25-30 жастағы ер адам тиіскен. Ол қыздарды алдап-сулап, күш қолданбастан шешінуге мәжбүрлеген. Артынша өзінің ұялы телефонына суретке түсіріп алып, оқиға орнынан қашып кетіпті. Алайда алысқа ұзаған жоқ. Полицейлер мен ұлттық ұлан сарбаздары айналасы бір сағаттың ішінде оны көрші аулалардың бірінен ұстап алды. Қазір іс тергелуде. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика