Шығыс өңірінен ел естімеген аңыз-дастандар табылды

25 Қыркүйек 2018

Қазақ фольклорын жаңғыртып, ұмыт болған ән-күйлеріміз бен жырларымызды, аңыз-әпсаналарымыз бен дастандарымызды халықпен қауыштыру мақсатында өңір басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасына орай облыстық Достық үйі экспедиция құрған болатын.


Baq.kz жазғандай, аталмыш экспедиция мүшелері Аягөз, Үржар, Зайсан аудандарын аралап, «Ақжамал», «Жәнделі қыз», «Сыбызғы сыры», «Ертіс қызы», «Бала қаз» сынды бірқатар аңыз бен «Ер Жәнібек», «Зухра мен Тахир», «Мәулет» дастандарын жинақтап қайтыпты.
«Аймақ басшысы, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Даниал Ахметовтің тапсырмасымен Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Облыс халқының мәдени мұрасы» жобасын әзірлеген болатын. Осы жылдың сәуірінде бекітілген бұл жобаның басты мақсаты – Шығыс Қазақстан халқының мәдени мұрасын, фольклорын зерттеу және сақтау», — дейді облыстық Достық үйі баспасөз қызметінің басшысы Тәттімбек Асхан.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика