ШҰҒЫЛ! Түрмеден қашқан қауіпті қылмыскердің суреті жарияланды

25 февраля 2018

ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Астанада түрмеден қашып кеткен қылмыскердің суретін жариялады. Сондай-ақ, ер адам туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

«Е.Арғымбаев 1985 жылы дүниеге келген. Қарағанды облысы Нұра ауданы Киев елді-мекенінің тумасы. Бұған дейін ҚР ҚК 251, 120 және 188-баптары бойынша сотталған. Ұлты – қазақ. Өзімен бірге ақшасы және құжаты жоқ. Үстіне көк түсті бушлат, басына қара бас киім киген», – деп жазылған Қылмыстық атқару жүйесі таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астанада тергеу изоляторынан аса қауіпті қылмыскер қашып кетті. Қазақстан ІІМ мәліметі бойынша, ер адам ғимараттың бір қабатты корпусының жанындағы серуендеуге арналған алаңнан қашып кеткен екен.

Қазіргі уақытта полицейлер қылмыскерді іздестіріп жатыр.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика