Шұғыл! Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді

20 марта 2017

Алматы облысында наурыз айының 20 — 21 күндері қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қар көшкіні

«Алматы облысының таулы аймақтарында қар қабатының тым қалың болуы мен жауын-шашын мөлшерінің көп түсуіне байланысты қар көшкіні жүру қаупі сақталып отыр. Осыған байланысты туристер үшін тауға шығуға шектеу қойлады. Қар көшкіні жүру қаупінің жоғарылығына байланысты биік жарқабақтарға шықпауларыңыз сұралады», — делінген хабарламада.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика