ШҰҒЫЛ! Ресейлік шырын адам өміріне қауіпті болып шықты

25 мая 2017

Ресейлік  «Фруктовый сад» маркалы шырынын ішкен ер адам мен кәмелет жасына толмаған сәби уланып қалды. Олар шырынды ішкен соң химиялық күйік алған. Осыдан соң Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық саулықты сақтау комитетінің қызметкерлері ел аумағына кіріп кеткен ресейлік өнімдерді тексеруді бастады, — деп хабарлады informburo.kz

Министрлік өкілінің айтуынша, бүгінде ресейліктер «Фруктовый сад» шырынын кері қайтаруды бастап кеткен. Ал ел аумағында жүргізілген тексеру шаралары барысында қауіпті өнімдер табылмаған. Бірақ тексеру жұмыстары жалғасуда. 

Адам денсаулығына қауіпті деп алма және өрік дәмі бар 0,3 литрлік шырындар танылды. Әсіресе  23 ақпанан бастап шығарыла бастаған өнімдер тексерілуде.

Шырынды ішіп уланған сәби мен ер адамның денсаулығы қазір қалыпқа келген. Зертханалық тексеру барысында шырын құтысының ішінен белгісіз қоспа табылыпты. Ол адам денесіне тисе күйдіріп түседі екен. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика