ШҰҒЫЛ! ҚР Әділет министрлігі мәлімдеме жасады!

5 марта 2017

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қоғам тарапынан ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының Жіктеуішіне қатысты көптеген сұрақтың  қойылуына байланысты келесіні мәлімдейді.

Қазіргі уақытта елімізде қолданысқа енгізілген ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының Жіктеуіші өз күшінде.
Мемлекеттік органдар тарапынан қолданыстағы Жіктеуішке өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар түскен жоқ.
Яғни, желіде жаппай таратылған «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастау жөнінде мәселе көтерілген жоқ, және ешбір мемлекеттік мекемеден ондай ұсыныс түскен жоқ,-дейді ҚР Әділет министрлігінің өкілдері.
«Келісесіздер ме, 2 министрлік бір мезетте және бір-бірлерін қорғауы үшін өтірікке бармайды ғой?»,-дейді Білім және ғылым министрлігінің өкілдері.

 

Сұлтан Жомартұлы,
«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика