«Қазақ хандығының» эфирге шығатын уақыты белгіленді!

11 Наурыз 2017

Сүйінші! Ел асыға күткен «Қазақ хандығы» сериалының телеарналардан көрсетілетін уақыты белгілі болды. Керей мен Жәнібек сұлтандардың қазақ руларының басын қосып, ел ету сәтінен басталатын кинодастан ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап «31 арнадан» көрсетіледі.

Қазақ хандығы

Он бөлімнен тұратын сериалда — қазақ хандығы боямасыз бейнеде айқын көрсетіледі,-дейді киногерлер. Бұрын-соңды тарихи фильмдерде көрініс таппаған ерекше оқиғалар, сол замандағы тұрмыс-тіршілік боямасыз баяндалады.
Мәселен, Қазақ хандығының құрылу барысындағы саяси өзгерістер кезінде ұлыстың сұлтандары көрші мемлекеттермен қай тілде мәміле жасады? Орта ғасырларда косметиканы өндіру құпиясы неде еді?
Түсіру тобы елдіктің, хандықтың тарихын әрбір азамат жетік білуі тиіс деп ойлайды.

Кинодастан 19 наурыздан бастап, күн сайын  сағат 20:00-ден 22:00 аралығында көрсетіледі.
Ұлт тарихынан сыр шертетін кинотуындыны бірге тамашалайық!

Сұлтан Жомартұлы,
«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика