ШҰҒЫЛ! Бүгін бірқатар кадрлық өзгерістер орын алмақ

13 марта 2017

Бүгін еліміздің бірнеше облысында кадрлық өзгерістер орын алмақ, деп хабарлайды «Қасым» порталы «Саясат» ақпараттық дереккөзіне сілтеме жасап.

Әкімдер ауысады

Дереккөздің хабарлауынша, Маңғыстау облысының әкімі Айдарбаевтің орнына әкім болып «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед тағайындалуы мүмкін. Бұдан бөлек Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдері ауысады деп күтілуде.
«Саясат» порталының жазуынша, Көкшетау әкімі Сергей Кулагиннің орнына Президент әкімшілігі басшысының қазіргі орынбасары Құмар Ақсақалов, ал Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің орынына премьер-министр канцеляриясының жетекшісі Ерлан Кошанов тағайындалуы мүмкін. Басқа да облыстардың басшылары ауысады деп күтілуде.

Дереккөз: Sayasat.org


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика