ШҰҒЫЛ! Академиктер министрлік жұмысы жайлы мәлімдеме жасады

9 марта 2017

Еліміздің құрметті ғалымдары, академиктер Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенова Білім және ғылым министрлігінде болып қайтты. Ғалымдырдың министр Ерлан Сағадиевпен өткен кездесуінде де қазақ тілінің даму мәселелері қозғалды. Е. Сағадиев министрліктің осы бағытта жасап жатқан істері, алдағы жоспарлары туралы мәлімдеп, қазақ тілін оқытудың жаңа методикасы туралы баяндады. Сонымен қатар ол министрліктің тапсырысымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мамандарының дайындаған қазақ тілінің тұңғыш жиілік сөздігін ұсынып, кітаптың сүйінші данасын сыйға тартты. Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенова білім саласының мәселелерін саяси негізде қарастырып, я болмаса жеке бас мүдделерін көздеп, жұртшылықты жаңылдыратын адамдардың іс-әрекеттеріне наразылығын білдірді. Кездесу соңында олар білім және ғылым министрлігінің жоспарлаған қадамдарын қолдайтындығын айтты.

Сұлтан Жомартұлы,
«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика