«Шортанбай жырау тұлғасы: дәуір шындығы және ұлттық дүниетаным» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

13 Наурыз 2018

Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қазақ әдебиеті тарихындағы танымал тұлға, зар заман ағымының көрнекті өкілі Шортанбай жырау Қанайұлының 200 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыруда. «Шортанбай жырау тұлғасы: дәуір шындығы және ұлттық дүниетаным» тақырыбындағы конференция «Рухани жаңғыр» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 15 мамыры күні өтпек.

 

Конференция төмендегідей секциялар аясында өтеді:

  1. Ақындар мұрасындағы зар заман ағымы
  2. Шортанбай жырау шығармаларындағы заман келбеті
  3. Рухани жаңғыру және тіл білімі мәселелері

Конференцияға қатысамын деушілер өтінішін, өзі туралы мәліметті және ғылыми мақаласын (5-7 бет) 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін b.altynbek@karaganda-region.gov.kz электронды поштасына жіберулері қажет.

Анықтама телефоны: 8 (7212) 56-74-76

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:

Times New Roman, KZ Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 14 pt, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, жоғары жағы – 2,5 см, төменгі жағы – 2,5 см, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см);

Бірінші жолда бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде автордың аты-жөні және тегі, мекемесі, лауазымы, ғылыми дәрежесі, екі жолдан кейін мақала мәтіні беріледі.

Формулалар Microsoft Equation формула редакторы мәтінінде орындалып, суреттер (ақ-қара), JPEG, JPG 300 dpi кем емес форматта сканерленген болуы тиіс.

Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Сілтемені қолданған жағдайда дереккөз бетін көрсету қажет. Мысалы: [ 1, 12 б.].

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Мақалалар жинағын шығару ұйымдастырушылар тарапынан жүзеге асырылады. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен конференция тақырыбы мен талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы.

Іссапар шығындарын конференцияға қатысушылардың өздері көтереді.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Конференцияға қатысушысының өтініш беру формасы:

Тегі, аты-жөні

 

Мекеме (жұмыс орнының толық атауы)

 

Облыс, қала/аудан

 

Лауазымы (қызметі)

 

Ғылыми дәрежесі/ ғылыми атағы

 

Мекенжайы (үйдің мекенжайы, пошта индексімен)

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық мекенжайы (е-mail)

 

Баяндама тақырыбы

 

Секция атауы

 

Ескерту: мақаланы ресімдеу үлгісі қоса беріліп отыр (келесі бетте)

ПОРТРЕТ ЖӘНЕ ҚАЛАМГЕРДІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ИДЕАЛЫ

Жақанова Жұпар Рысқұлқызы

Қарағанды облысының тілдерді

оқыту орталығының аға әдіскері,

педагогика ғылымдарының магистрі

Мақала мәтіні…

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2005. Т.2. Сөз өнерінің эстетикасы. – 442 б.

2. Исабеков Д. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т.2: Роман, повестер, әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1993. – 496 б.

3. Аймұхамбетова Ж. Мифтің поэтикадағы қызметі (қазіргі қазақ поэзиясы арқауында): филол. ғыл. докт. дисс. авторефераты. – Астана: 2010. – 47 б.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика