Шерлі ана Сирияға кеткен қызын қайтаруды сұрап жылады

14 августа 2017

Жексенбі күні Шешенстан астанасы Грозный қаласында жүздеген адам алаңға шығып, биліктен Сирияға кеткен балалар мен әйелдерді қайтаруға көмек беруді сұрады. Олардың арасында қазақстандық ана да бар, — деп хабарлайды Qasym.kz 

Алаңға шыққандардың айтуынша, Сирияға кеткен әйелдердің көпшілігі отбасын бұзып, күйеулерінен ажырасуды қаламағандықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болған. Сондай-ақ адасқандардың арасында уағызшылардың алдауына сеніп қалғандардың да қарасы қалың екен. Ал қазір сол бейбақтар жат жерде, жауған оқтың астында өмірлерін қатерге тігуде. 

Бұл акцияға Қазақстаннан Роза Анаева да барған екен. Оның қызы Иман Музаева үш ұлымен және күйеуімен бірге Сирияға кетіп қалыпты. Бұл кезде әйелдің өзі Шешенстанда болған екен. Қазір оның күйеу баласы тірілердің тізімінде жоқ. Ал қызы жат жерде қалып кетіпті. Содырлар оның қызына еліне қайтуға рұқсат берген екен. Бірақ балаларын тастап кетуі керектігін ескерткен. 

Қызы мен жиендерінен тірідей айырылған ана Шешенстан билігінен өзіне қолдау беріп, жақындарын қайтарып беруді сұрайды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика