“Шаруам жоқ”. Төреғалидің жаңа әні қызу талқыға түсті

22 Ақпан 2018

Аты шулы Төреғали Төреәлі даулы оқиғадан кейін өзінің жаңа әнінің мәтін жариялады. Бұл әнді оған ақын досы Қайнар Алагөзов жазып берген. 

Момын бар елде, асаулар бар,
Мықтыларда бар, осалдар бар.
Қол-аяғымның қожайынымын,
Басқада менің не шаруам бар?
______________________________________
Таң қалма жүйрік жабыдан қалса,
Озады жабы бағы бар болса.
Адамның басы Алланың добы,
Басқада менің шаруам қанша?
______________________________________
Қайырмасы:
Жорғалатқанмен жауын алдында,
Нәпсіні жеңген палуан жоқ.
Нәпсісін жеңген палуанның да,
Шаруасында шаруам жоқ!
______________________________________
Қаралап мені қара баспа,
Сырымды сыртқа ала қашпа.
Жақсы күндердің арасын бөліп,
Шаруаларыма араласпа.
______________________________________
Адам жолдасым, Аллам қолдасын,
Сөздерім інжу маржан қорғасын.
Өзіме-өзім беремін жауап,
Сеніңде менде шаруаң болмасын! 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика