Шахан трагедиясына байланысты іздестірілген адам өлі табылды

3 апреля 2017

Шахан қаласында құлаған үйдің от жағушысы болып жұмыс істеген  Мейрамбек Жиенбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шахан

«Шахан трагедиясына қатысты іздеу жарияланған еразаматтың мәйіті ауыл мен Саран қаласының аралығынан табылды. Мәйттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Ол үсіп қалған болуы мүмкін. Марқұмның әйелі оның Мейрамбек Жиенбаев екенін растады», — деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтарында Шахан кентінде тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам көзжұмған болатын. Алдын ала болжам бойынша үйдің құлауына жертөледе орналасқан жылу қазандығының жарылуы себеп болған. Қайғылы оқиғадан кейін от жағушы болып қызмет еткен Мейрамбек Жиенбаевқа іздеу жарияланды.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика