Шабылған бас өмір сүре ала ма?

29 Қазан 2018

Әлемде ғылым әлi күнге дейiн түсiндiре алмайтын құбылыстар шаш етектен. Бiз ендi сондай құбылыстардың бiразын сiздердiң назарларыңызға ұсынып отырмыз.

ШАБЫЛҒАН БАС ӨМIР СҮРЕ АЛА МА?
ХIХ ғасырда Францияда гильотинаны – жазалаудың бiр тәсiлi ретiнде қолданғаны белгiлi. 1887 жылы гильотинада кесiлген адамның бастарын жинап алған бiр ғалым оны иттердiң денесiне жамап тәжiрибе жасаған. Бұл тәжiрибе өз жемiсiн бермегенiне қарамастан, кей ғалымдар болашақта шабыл­ған бастарды қайта тiрiлтiп, тiптi өзге денеге жамауға болады деп есептейдi. Заңгер әрi инженер Чет Флеминг өз кiтабына сондай тәжiрибенiң бiрiн арқау етiптi. 1971 жылы Кливленде ғалымдар маймылдың шабылған бастарын 36 сағат бойы өлтiрмей ұстап тұра алған. Тiптi Флеминг шабылған бастарға қан жiберетiн машина ойлап тауып, оны патенттеп те қойыпты. Кейбiр ғалымдар басты кейiн пайдалану үшiн сақтап қоюға болады деп тұжырымдайды. Егер клондау технологиясы мен криогенетика (тiрi адам мен жануарды қатыру мен қайта ерiту) алға басса, онда адамдар бас үшiн қажеттi жаңа дененi өсiрiп шығара алатын болады.

Өз көлiгiнде өртенiп кеткен құрбандардың жұмбақ өлiмiнiң сыры әлi күнге дейiн белгiсiз. 1959 жылдың желтоқсанында Мичиган штатының Понтиаке қаласындағы автомобиль зауытында жұмыс iстейтiн Билли Петерсон өз көлiгiнде пайдаланылған газды шығаратын қақпақшаны ашып тастаған. Көпшiлiк оны өзiне-өзi қол жұмсады деп түйдi. Медициналық сараптама да оны көмiрқышқыл газдан уланып өлдi деген қорытынды шығарды. Алайда дәрiгерлер оның арқасы, иығы және аяғын не себептi күйiк шалғанын түсiндiрiп бере алмады. Күйiк бол­ғанда да бұл – үшiншi дәрежедегi күйiк. Бiрақ, ең ғажабы, Петерсонның киiмдерi мен iш киiмi бүтiн, өрт жалыны мүлде тимеген. Ал күйген мүшелерiндегi түктерiн де өрт шарпымағаны анық байқалды. 1964 жылдың қазанында 65 жастағы американдық Ольга Уорс Стивене автомобилiнде бейқам отырған жерiнде аяқ астынан от лап ете қалған. Құтқарушылар келiп үлгергенше қария өртенiп кетiптi. Алайда оның көлiгiн мүлде өрт шалмаған. Бұл оқиғаны зерттеген мамандар оттың неден шыққанын сол бойы анықтай алмады.

КУӘГЕРЛЕРДIҢ КӨЗ АЛДЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕНДЕР
Әлемде хабарсыз кеткен адам көп, алайда адам көз алдыңызда жоқ болып кетсе қайтер едiңiз? Куәгерлердiң көзiнше iзiм-ғайым жоғалып кеткендер бар екен. 1854 жылдың шiлдесiнде Алабама штаты Селма қаласының тұрғыны Орион Уильямсон әйелi мен қызының көз алдында жоқ болып кетiптi. Отбасымен қатарласа келе жатқан О.Уильямсон бiр кезде ғайып болыпты. Полицейлердiң О.Уильямсонды iздемеген жерi жоқ. Соңғы рет әйелiмен, қызымен бiрге жүрiп өткен жолында оның iзi де қалмаған. 1880 жылдың қыркүйегiнде Теннеси штатының Геллатине қаласында да дәл осындай жағдай қайталанды. Фермер Дэвид Ленг үйдiң жанындағы алқапқа барып қыдырып келем деп шығыпты. Әйелi оны терезеден бақылап тұрды. “Алқапқа жете берген Дэвид жоқ болып кеттi. Тап бiр ауаға сiңiп кеткендей”, – дейдi әйелi. Ол аздай, фермаға келген судья Огест Пек Дэвидке сәлем берген сәтiнде iз-түзсiз жоғалып кетiптi.

Алдыңғы екеуiнiң iзiн арнайы иттердiң өзi таба алмапты. Ал кей жағдайларда жұмбақ түрде жоғалып кеткендердiң iздерi байқал­ған. Мәселен, 1878 жылы құдықтан су алуға шыққан он алты жастағы Чарльз Эшмор үйiне қайтып келмеген. Әкесi мен қарындасы баланы iздеп шыққанда құдыққа апаратын жарты жолға дейiн жаңа түскен iз қалғанын көрдi. Бұл Чарльздiң iзi болатын. Тағы бiр жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен балалардың оқиғасы ұқсас. Бұл екi баланың да есiмi – Оливер. Екеуi де он бiр жаста. Екеуi де Рождество мейрамы кезiнде кешкiлiк құдықтан су алуға шыққан. Тек бiр Оливер 1889 жылы Индиана штатында жоғалып кетсе, екiншiсi 1909 жылы Уэльстiң Райядар қаласында жоғалған. Соңғысының көмек сұрап шақырған даусын ата-анасы естiдiк дейдi. Құдыққа бет алған бейбақтың “Құтқарыңдар! Олар менi ұстап алды!” деген даусы шығыпты. Ата-анасы үйден атып шықса, баласы жоқ. Олар тек құдыққа жетпей үзiлген аяқтың iздерiн ғана көрген.

ДЕНЕСI ЕКIГЕ БӨЛIНIП КЕТIПТI
Сиетлдiк жұмыссыз Роберт Сейлор әйелiмен ажырасып, өмiрден үмiтi әбден үзiлiптi. Ол электроника курсын жетiк меңгерiп, күн элементi, батарея мен 22-калибрлi мылтық патронының көмегiмен өзiне-өзi қол жұмсайтын мәшине жасайды. Сол мәшиненi қонақ үйдегi нөмiрiне көтерiп келген Роберт әйелiне хабарласып, қызымен соңғы рет көрiсуге рұқсат сұрапты. Артынша өзiне-өзi қол жұмсайтынын хабарлаған.
Келесi күнi әйелiне тағы хабарласып, бiрнеше минуттан кейiн өзiне-өзi қол жұмсайтынын айтқан. Әйелi бiрден полицейлерге хабарлап, күйеуiнiң тұрған жерiн айтыпты. Iле-шала оқиға орнына жеткен полицейлер Роберттi үгiттеуге кiрiскен. Олар Роберттiң бетiн қайтарғандай болыпты. Бiрақ күн шыға бастағанда кенет нөмiрде жарылыс болды. Есiктi бұзып ашқан детективтер креслоның үстiнде жатқан Роберттiң мәйiтiн көрiптi. Бiрақ бейбақтың аяғы төсекте жатқан. Әлгiлер бөлмеден терезе рамасына жап­сырыл­ған батареямен қосылған фотоэлемент тапты. Демек, күннiң алғашқы сәулелерi батарея­ға қуат берген соң Сейлордың кеудесiндегi патрон жарылған. Жарылыстың күштi болғаны соншалық, Тейлордың денесi екiге бөлiнiп кетiптi.

Дереккөз: ortalyq.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика