Серікжан ҚАЖЫТАЙ. Ұлы жазушылардың біртүрлі қылықтары.

4 ноября 2019


Адам – пенде. Жазушы да пенде. Көбінесе қазіргі заманғы оқырмандар оның ішінде қазақ оқырмандары ақын – жазушыларды әулие көреді. Яғни оның мақсат мұраты тек жазу деп ұғады. Иә, дұрыс. Бірақ оқырман бір дүниені естен шығарып жатыр, жазушы ол да пенде. Оның өз өмірі бар , достары бар дегендей. Жазушылардың қызықты қылықтарын болмаса олардың белгілі бір осалдығын айта қалсаң « ойбай ол ақын емес пе, неге өйтеді,неге бүйтеді» деген әрібі артық сөз қыстырады да отырады. Әр адамның өз ерекшелігі бар: біреуі таңертеңгі жаттығуды денсаулыққа зиян деп санаса, тағы біреуі жақсы темекінің сортын бақшасына егеді екен. бұл айтып тұрғаным жазушылар жайлы. Бүкіл әлемді өздерінің ерекше ойымен өзгертіп, жаңашылдық әкелген жазушыларды сырт айналып кете алмадық. Оқырманға ұлы жазушылардың адам сенгісіз оғаш қылықтарын ұсынамыз:

Эдгар Алан По – тірісінде бірде бір құрмет көрмеген, ал қазір шығармаларын әлем жастанып оқып, бірнеше фильм түсіріген, мистика,детектив секілді жанрлардың негізін қалаушылардың бірі. Жазушы жануарларды, оның ішінде Катерина деген мысықты қатты жақсы көрген екен. Мысығының қалағанын істеп бәйек болып төбесіне көтереді екен –мыс. Бірақ жазушы көз жұмғаннан кейін көзі тірісінде жанындай жақсы көрген мысығы иесін аңсап құсадан өлген деседі.

Эрнест Хемингуэй – Әлемге ең қысқа әңгіме мен « Шалмен Теңізді» сыйлаған жазушы күніне бес жүз сөз жазуды өзінің күнделікті салтына айналдырыпты. Тіпті сол бес жүз сөзді жарты күнде жазып тастайды екен. жақын досы Френсис Скотт Фицджеральдқа жазған хатында орта есеппен алғанда 90-100 беттен тек бір бет шедевр шығады деген екен.

Агата Кристи — «қылмыскерлердің қас жауы» аталып кеткен жазушы шығарма жазар алдында ыстық ваннада кісі өлімі т.б қылмыс болған жерлердің суреттеріне қарап алма жеп жатады екен.

Фридрих Шиллер — тағы бір алманың сүюшісі. Ақын Фридрих жазу үстеліне бір жәшік алма әкеліп оның әбден шіріп кеткенін күтеді екен. Оның айтуынша шіріген алма шабыт шақырудың таптырмас құралы — мыс.

Гертруда Стайн – ғаламат жазушы жазу үстеліне отырмай тұрып үйінің еденін бір жуып шығады екен. Қай жағынан қарасаң да өте пайдалы іс, еден жуып тастадың да бір роман жаздың.

Александр Дюма— «Үш ноянның» әкесі қағазды түсіне қарап таңдайды екен. Тіпті жазуды да солай жазады. Мысалы көк қағазға көркем әдебиет, сары қағазға өлең, қызғылт қағазға мақала жазады екен.

Льюис Кэролл — Алисаның әкесі, таңғажайыптар елінің әміршісі Кэролл математика мұғалімі болып жүргенде оқушыларының қатесін тек күлгін түспен түзейді екен. Шамасы жазушыға күлгін түс қатты ұнап қалған болса керек, атақты шығармаларының әр жерінде күлгін түс жиі кездеседі.


Энтони Берджесс – « қояншық апельсин» авторының қылығы шығармашылық жолын енді бастап келе жатқан әдебиеттің болашақ майталмандарына өте қажет сынды. Мысалы жазушы бір затты егжей – тегжейлі баяндағысы келсе сөздікті айқара ашып қойып қолданады екен. Қызығы сөздерді әдейі іздемей тек көзіне түскендерін алыпты.

Оноре де Бальзак — Бальзак кофе ішуді ұнатқаны былай тұрсын тіпті сүйген. Сусынның иісі шыға қалса болды тыпыршып кетеді екен.Тіпті күніне 50 шынаяқ кофе ішкен деседі. Бальзак «Адамзат комедиясын» жазып жатқанда мүлдем ұйқы көрмеген деген дерек бар, шамасы елу шыныаяқ кофе өзінікін алған сынды.

Джейн Остин – әйгілі жазушы бір шығарма жазып тастаған соң кейіпкерлерінің ары қарайғы өміріне қатты алаңдаушылық танытып күніге қалың ойда жүреді екен. Жазушының бұл әрекеті шығармаға берілген оқырманның қылықтарын еске салады.


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика