Сербиялық ғалымның жантүршігерлік эксперименті әлемді шошытты

17 Шілде 2017

Сербиялық  Марина Абрамович есімді келіншектің жантүршігерлік эксперименті әлемді шошытты. Ол Италияның Неаполь қаласындағы «Морра» студиясында «Ритм О» деген сынақ жүргізеді. Яғни өзі бір топ адамның ортасында үнсіз тұрады. Ортадағы үстелге қарапайым қауырсыннан бастап оқтаулы тапаншаға дейінгі барлық қинау құралдары орнатылған. Эксперименттің шарты бойынша, адамдар Маринаға алты сағат бойына ойларына келгенді жасауға рұқсат. Олар не істесе де жауапқа тартылмайды. Ал Марина болса, осы уақытта олардың қылығына төзуі тиіс.

Әуелде адамдар оны қауырсынмен қытықтап, бетіне бояу жағып, кимінен тартып көреді. Алайда бұл бейкүнә нәрселердің бәрі бірнеше сағаттан соң сап тыйылған. Жиналғандар Маринаны тыр-жалаңаш шешіндіріп, оған адамның ойына кіріп-шықпайтын әрекеттерді жасауға көшеді. Алты сағаттың ішінде әйелдің бойында сау тамтығы қалмаған. Тіпті бірнеше адам оны зорлауға да әрекет жасапты. Ал межелі уақыт өткен соң әйел жиналғандардың ортасымен жүріп өтеді. Шартты уақыт өткен кезде өздерін жабайы, залым жан ретінде ұстағандар оның көзіне қарауға дәті шыдамаған. Өздерінің әрекеттеріне ұялыпты.

Осыдан соң ғалымдар әр адамның бойында жабайылық жасырынып жатады және реті келген жерде ол сыртқа тебеді деген қорытынды шығарған. Яғни адам өз әрекеті үшін жауапқа тартылмайтындығын сезінгенде ойға келмейтін дүниелерді жасайды. Сондықтан қоғамда әр кезде заң мен тыйым болуы тиіс. Ал хауыс басталып, заңсыздық белең алғанда зиялы адамдардың өзі зымияндыққа барады екен.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика