«СЕНІМІ БАР ӨЛМЕЙДІ»

28 ноября 2018

Тағдыры өте ерекше болып табылатын кітаптар бар: олар өз иесіне өмір бойы еріп, оған және оны қоршаған адамдарға өмірдің ең ауыр уақытында рухани қолдау көрсетеді. Осындай кітаптардың бірі бізде, «КарЛаг» тарихи-ағартушылық орталығында сақтаулы.

​ Бұл 2000 жылдардың басында болды. Біз, орталық ғалымдары «Карлаг: болашақ үшін есте сақтау» жобасы үшін материалдар мен артефактілерді іздестірумен айналыстық. Біздің команда Қарағанды облысының елді мекендерін аралап, сол жылдардағы құжаттар мен тірі куәгерлерді іздестіруде көп жол жүрді. Бірде маған көмекшілерім Нұршат пен Баян телефон шалып, бір әйел өзінің өмірі туралы, оның жазасын Степлагта қалай өтегені туралы айтып беруге келіскендерін айтты.

Ол сенуші отбасынан шыққан екен. Украинадан лагерьге түскен. Оны отырғызған кезде ол өзімен бірге үлкен шіркеу кітабын алып қала алған. Бұл кітап ұзақ жылдар бойы оны сүйемелдейді. Кешке, ауыр жұмыстардан кейін, барактың әлсіз шамы астында ол кітап оқыған, жанындағылармен қосылып дауыстап оқыған екен. Босатылғаннан кейін әйел Жезқазғанда  орналасып, онда көп жыл жұмыс істейді.

2000-шы жылдардың басында ол өте қарапайым өмір сүріпті: бір төсек, ескі жиһаз… ол уақыт бүкіл ел үшін ауыр болды, ол әйел үшін де солай. Сонымен қатар, ол қатты ауырады екен. Әңгіме барысында біз КарЛаг туралы естеліктер мен құжаттарды жинайтынымызды, ұрпаққа тарихтың сабағын беру үшін осы қорқынышты уақыт туралы айтып бергіміз келетінін жасырмадық. Әңгіме барысында біз кітаптарымызды басып шығару үшін материалдық ресурстардың жетіспеуі туралы да айта кеттік.

Бізді шығарып салып тұрып, әйел: «жігіттер, сіздердің істеп жатқандарыңыз, өте дұрыс. Қуғын-сүргін тарихы қайталануы мүмкін емес. Материал жинаңыз және бүкіл әлемге еліміздегі сол кезеңдер мен ауыр оқиғалар туралы айтып беріңіз»-деді де барактың әлсіз жарығының астында көз майын тауысып қайталай оқи берген, қиын сәтте жанына медеу болған сол кітапты ұсынды. «Егер еңбектеріңізді басып шығару үшін ақша жетпесе, бұл кітапты сатыңыз. Менде ештеңе жоқ, бірақ бұл осы асыл істеріңізге көмектеседі»-деп еді.

Бақытымызға орай, кейіннен біздің кітаптарымызды басып шығару мүмкіндігі пайда болды және бізге сыйланған кітапты сақтадық. Көп жылдан кейін мен ол кітапты шіркеуге сыйлағым келді, бірақ дін қызметкерлері, бұл кітаптың қайдан келгенін біліп: «егер ол бізде сақталатын болса, ол қарапайым кітап болады. Ал бұл кітаптың өз тарихы бар, сондықтан ол сізде болсын, сіз ол туралы айтасыз, сонда оның мәтіні ерекше мағынаға ие болады»- деді.
Содан бері біз бұл кітапты «КарЛаг» тарихи-ағартушылық орталығында сақтаймыз. Бізге КарЛагқа қызығушылық танытқан адамдар келген сайын, біз өмірдің қиын кезеңінде оған қолдау көрсеткен осы әйел мен кітап туралы әңгімелейміз. Бірнеше жыл бұрын бұл әсерлі оқиғаны Германиядан келген қонақтар естіді, олар өте қатты қызықты. Қонақтардың бірі: «сенімі бар ешқашан өлмейді»-деді.
Біз бұл кітапты сақтаймыз, оның тарихы болашақ ұрпақ үшін сабақ болмақ.

Н.О.Дулатбеков

заң ғылымдарының докторы, профессор


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика