Сенатор фонограмма қолдануға тыйым салуды ұсынды

31 марта 2017

«Мәдениет мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» заңды талқылау барысында Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов әншілерге фонограмма қолдануға тыйым салу туралы бастама көтерді. 

«Халықпен кездесу барысында бізге әншілердің концертте фонограмма қолданатындығы туралы көп айтылады. Әрине біз әнші немес әртіс емес. Бұл мәселені дұрыс түсінбеуіміз де мүмкін. Алайда Түркіменстанда және басқа да көрші елдерде фонограмма қолдануға тыйым салынған. Халық концертке әншінің түрін көру үшін емес, даусын есту үшін келеді. Ақшасын төлеп билет алғандықтан оған сапалы қызмет көрсетілуі керек. Егер әнші фонограмма қолданатын болса, онда билетке шығындалмай-ақ оның диск немесе кассетасын сатып алуға болады ғой», — дейді сенатор.

Қоғамда қызу талқыланған осы бір мәселеге назар аударуды сұраған сенатор заң жобасына өзгеріс енгізу барысында фонограммаға тыйым салу мәселесін де ескеруді сұрап отыр. Оның айтуынша, қазір әншілердің дені музыкалық аспаптардың жетіспейтіндігін айтып сылтауратады екен. Алайда бұрынғы кезде қазақтың талай дарынды әншілері ешқандай технологиясыз-ақ өз өнерлерін көрсетіп білген. Сондықтан әншілер халықты алдамай, жанды дауыста өнер көрсетулері керек. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика