Семейлік жігіт өзін-өзі өртеп жіберді

26 апреля 2017

Семей қаласының тұрғыны автокөлік салонында өзін-өзі өртеп жіберді. Марқұм болған жігіт өлерден бұрын туыстарына арнап хат жазып қалдырған.

Қайғылы оқиға 24 сәуір күні күндізгі уақытта орын алған. Өмірден түңілген азамат үйінің ауласында тұрған көлігіне отырып, өзін-өзі өртеп жіберген. Қазір оның мұндай жолды таңдауына не итермелегені анықталуда. Ал жазып қалдырған хатында, ол жай ғана өмір сүруден жалыққанын және бұл ісіне ешкімді кінәламайтындығын жазып қалдырған. 

Тағы бір айта кетерлігі, қайтыс болған азамат бұрын соңды істі болмаған және өзіне қол салардан бұрын спирттік ішімдік тұтынбаған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика