Сегіз жастағы сәби неке түнінен соң көзжұмды

12 Шілде 2017

Заман күн сайын жаңарып жатыр. Алайда жабайы дәстүрді сақтап, балаларды ерте жастан тұрмысқа беру салты әлемнің көптеген елдерінде сақталып қалған. Мұндай некелердің көбі соңында қыз баланың өлімімен аяқталып жатады. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Йемен елінде де дәл осындай жағдай орын алған. Ата-анасы сегіз жастағы қыздарын бай шалға күйеуге береді. Ал ол алғашқы неке түнінен соң ауыр жарақат салдарынан қаза тапқан. 

Дәрігерлердің айтуынша, қыз бала жыныстық қатынастан қатты зақым алған. Бұл оқиға әлемдік деңгейде шу туғызып, адам құқын қорғау ұйымдары кәмелет жасына толмаған қыздың күйеуі мен ата-анасын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде. 

Ливандық басылымның жазуынша, Йеменде қыз балалардың ерте тұрмыс құруы ең өзекті мәселеге айналған. Бұл елде қыздардың дені 15 жасқа толғанша тұрмысқа шығып кетеді екен. Олардың өміріне қойылатын шектеудің көптігі сонша, қыздарға тіпті дәрігерлік тексеруден өтуге де рұқсат берілмейді. Сондықтан осындай оқиғалар жиі қайталанады екен.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика