Сегіз жасар қызды зорламақ болған педофилге үкім шықты

4 августа 2017

Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 8 жасар қызды зорламақ болған Түрген ауылының тұрғынына үкім шығарды. Бұл туралы  sn.kz хабарлады.

Сот Еңбекшіқазақ ауданының 32 жастағы тұрғынын ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-тармағы бойынша айыпты деп тауып, оны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол өмірінің соңына дейін кішкентай балалармен жұмыс істемейтін болады.

Жазасын ол қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Еске салайық, аталған қылмыстық іс бойынша сот отырысы 21 шілде күні басталған болатын. Ал, қылмыстың өзі биыл 14 сәуірде Түрген ауылының іргесінде орын алды. 32 жастағы жергілікті тұрғын 8 жасар қызды шешіндіріп, зорламақ болған сәтте сол маңайдан өтіп бара жатқан оқушы бала оны үркітіп жіберген.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика