Саясаттанушы-Сағадиевке: «Кегім де, өшім де жоқ»

9 марта 2017

Саясаттанушы Айдос Сарым Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке еш өші жоқ екенін айтып, желіде қысқаша түсініктеме беруді жөн санады.

— Осы министрге неге тірелдің дегенге қатысты түсініктеме бере кетейін.
Өткен аптада Астанадан өзім құрметтейтін екі адам хабарласты. Əңгіменің сиқы бір болды:
— Осы кісіге кегің бар ма?
— Жоқ.
— Араласып, ара түс деп жатыр. Дауды қалай басуға болады?
— Менің жеке басыма ештеңе керек жоқ. Реті келсе ашық хат жазған академик ағалармен, қарсы пікір айтқандармен Алматыда өзі кездессін. Жұрттың пікірін тыңдасын. Мен жəй куə болайын. Осыған дайын болса, онла əңгімені де, пікірталасты да жалғастыруға болады.
— Сөз бе?
— Сөз.
Біраздан кейін тағы хабарласты. Осы ұсынысың жөн екен. Осыған дайын дегендей.
Соған байланысты екі-үш күн хабарын күтіп жатыр едім. Сөйтсем үндемей былай тіршіліктеп жатыр екен советше.
Мейлі. Өзі білсін. Азаматша, ер адамша сөзіне тұра алмаса, азаматтардың арашасына түкіргендей болса, тағы да өзі білсін. Кемі мені қосқанда үш адамның алдында қарабет болды.
Тағы да қайталайын: маған министрден де, министрліктен де ештеңе керек жоқ. Онымен қол ұстасып, фотоны Фейсбукке салуды арман тұтқан емеспін.
Бірақ осы саланың маңызы зор. Барша ұлттың болмысына қатысты дүние. Сондықтан сынай береміз, жасаған қадамдарына сыншы боламыз. Күмəніміз бен күдігімізді іште сақтамаймыз. Айтатынымыз болса ашық айтамыз.
Казиномен карта ойнауға болмайды, Сағадиевпен жігітше келісімге келуге болмайды екен,-дейді саясаттанушы.

Сұлтан Жомартұлы,
«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика