Сәуір үскірік аязбен басталады

31 марта 2017

Синоптиктердің хабарлауынша сәуір айының алғашқы күндері Қазақстан арқылы өтетін  антициклондар және циклондар жоғары жылдамдықпен жылжиды. Бұл ел аумағындағы күн райының күрт бұзылуына алып келеді.

«Еліміздің ауа-райын алдағы демалыс күндері циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды, сонымен байланысты көптеген облыстарда жауын-шашын, сулы қар, оңтүстік облыстарда жаңбыр, түнгі және таңертеңгі уақыттарда сулы қарға айналуы және температураның төмендеуі мүмкін.

Антициклонның ықпалымен сенбі күні батыста, жексенбі күні солтүстік, орталық және шығыста жауын-шашынның тоқтауы күтіледі, бірақ ауа температурасы түнде 8-18ºаязға дейін төмендейді, климаттық нормадан 3-6ºС төмен болады деп күтілуде», — деп хабарлайды «ҚазГидромед».

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика