ЖАНАЙҚАЙ! Сания Жұмашева: «Тоқтар Серіков, мен жезөкше емеспін»

25 Наурыз 2017

СанияӘнші Тоқтар Серіков отандық БАҚ-қа берген таяудағы сұхбатында «Қытайға тиетіндер кімдер? Жезөкше қыздар тиеді, әбден болған, ар-намысы, тегі жоқ, қаны жоқ, қазаққа түрі ғана ұқсайтын біреулер тиюі мүмкін»-деп айтқан болатын. Алайда, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тумасы Сания Жұмашева белгілі әншіні өткір сынға алып, ашынып бар ойын жайып салды.

— Әнші мен үшін әнші болып қалуы керек. Инстаграмды біреу шулатты деп, қазақ қыздарының намысына тиіп, оларды жезөкше деп атауға бола ма екен?! Бізге маңдайымызға бұйырғанды, тағдырымызды – әнші Тоқтар Серіков жазып берді ме екен, ол кім сонша? Құдай ма? Маңдайымызға жазылғанды көрдік, соған көндік. Менің күйеуім Қытайдың азаматы болса да, осы елде, осы жерде жұмыс жасап жатыр. Жұбанов университетінде таныстық, отау құрдық. Бірақ мен өз елімнен жыраққа көшуге түбегейлі қарсы болдым. Ол түсіністікпен қарады. Екі баламыз да қазақ мектебінде білім алып жатыр. Ешкімге ештеңе деп жарияламай жүрміз өз-өзімізбен. Бірақ туыс бар, құрбы бар, таныс бар дегендей. «Анашым» әнін орындап жүрген әнші Тоқтар Серіков қытай азаматтарына шыққан әйелдерді жезөкше деп атапты. Сол дұрыс па? Публикада көп жүретін адам, ол оңбаған біреу болмаса, осылай деп айтар ма еді, білмеймін. Ары жоқ, намысы жоқ, «тряпка» қалып отыр. Жоқ, ол сөзі үшін сотқа бермеймін, әнін айтып жүре берсін. Бір нәрсе ғана айтам ол әншіге, мен жезөкше емеспін! Менің өзге ұлтқа тиген таныс құрбыларым бар. Олар да жезөкше ме сонда, не қыздар сонда оның түсінігінде. Ұят! Ер азамат, осы елдің азаматы болса, бәрінен болмасын, мендей екі балының анасынан кешірім сұрауы тиіс Тоқтар әнші. Менің көңілім қалды, жарнама керек болса оған, ешкімнің ар-намысына тимеуі керек еді. Құдай бар. Құдайдың жазғаны болады әрдайым, -дейді ашынған С.Жұмашева.

Жасұлан Күрішбеков,

«Қасым-ақпарат»

 Qasym.kz-те  ең көп оқылған 3 материалмен де таныса отырыңыздар:

Елікбаев Тоқтар Серіковті арзан популист деп атады

Ашынған ана министрдің көзінше жылап, бар былықты жайып салды

Мұнай ұрлаған қарағандылықтар ұсталды

Qasym.kz үнемі қасыңызда екенін ұмытпаңыз!


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика