Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

28 октября 2019

Бүгін Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттер сарайында облыстық тілдерді дамыту басқармасының және жоғарыда аталған университеттің бірлесе ұйымдастыруымен аса көрнекті ақын-жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Сәкен Сейфуллин: ұлттық рух және ұрпақтар сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға бауырлас Түркия елінің және республикамыздың есімі кеңінен танымал лингвистері, әдебиеттанушылары, тарихшылары, халықаралық ұйымдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының профессорлары, оқытушылар, магистранттар, студенттер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.


Ауқымды іс-шара өтетін орын фойесінде музей жәдігерлері және кітап, архивтік материалдардан – барлығы 100-ге жуық кітаптар мен экспонаттардан тұратын көрме таныстырылымы өтті. Көрме мазмұны Сәкендей сұңқар тұлғаның тарихи бейнесі мен шығармашылық мұрасын, ол ғұмыр кешкен кезең келбетін ашуға бағытталды.

 

 


Конференция материалдарының жинағында жариялау үшін келіп түскен 120 мақала сараланып, 95 сапалы ғылыми мақала іріктеп алынып, жарыққа шықты. Конференцияға материалдар төмендегідей тақырыптар аясында қабылданды:
І секция. Сәкен Сейфуллиннің қайраткерлік келбеті;
ІІ секция. Жаһандану дәуіріндегі тіл білімінің өзекті мәселелері;
ІІІ секция. Қазақ әдебиетінің даму үдерісі: кеше және бүгін.
Конференцияның алқа мәжілісінде елге есімі кеңінен танымал тұлғалар баяндама жасады. Атап айтқанда:
Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ, ақын мұрасының жанашыры, қоғам және мемлекет қайраткері;
Дүйсен ҚАСЕЙІНОВ, Халықаралық «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымының Бас xатшысы;
Хангелді ӘБЖАНОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі;
Бекболат ТІЛЕУХАН, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Күләш АХМЕТ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, сәкентанушы;
Мехмет Серхат ЙЫЛМАЗ, Түркияның Кастамону университетінің әдебиет факультетінің деканы, профессор, тарих ғылымдарының докторы;
Айгүл ІСМАҚОВА, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы;
Қажы Ахмет ШИМШЕК, Түркияның Сельчук университетінің Әдебиет факультеті философия кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының докторы, тарихшы, журналист;
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Жұлдыз» журналының бас редакторы;
Несіпбек АЙТОВ, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Сәкен Сейфуллин мұражайының директоры;
Ерден Қажыбек, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор;
Қанат ЖҮНІСОВ, Сәкен рөлін сомдаушы актер, әнші-драматург.
Алқа мәжілісінен соң конференция секциялық мәжілістер форматында жалғасты.
Бұдан бөлек конференция барысында ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымының әзірлеуімен жарық көрген «Үш арыс» кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров секілді қазақ руханиятындағы аса ірі тұлғалар тақырыбына арналған.

Бекзат АЛТЫНБЕК.

Жас прозаик, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасының маманы


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика