САҚ БОЛЫҢЫЗ! ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖАЛҒЫЗДЫҚ СЕЗІМІН КҮШЕЙТЕДІ

9 марта 2017

Америкалық психологтар әлеуметтік желілердің ( «Туиттер», «Фейсбук», «Инстаграм») адам психологиясына тікелей әсер ететінін анықтады. Олардың айтуынша, әлеуметтік желіні жиі пайдаланатын адамдарда жалғыздық сезімі күшейе түседі.

Әлеуметтік желі

Мамандардың хабарлауынша, әлеуметтік желіде күніне 2 сағаттан артық отыратын адамдардың психикасында айтарлықтай өзгерістер орын алады. Идеал образ пен виртуальды әлем арасында қарама-қайшылықтар орнайды.
Психологтар өз тұжырымдамаларын дәлелдеу мақсатында 19-32 жас аралығындағы 2 000 адамның арасында сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға қатысушылар денсаулығына, психикасының тұрақтылығына қарай арнайы таңдап алынған.

«Мүмкін, жастар әуелі әлеуметтік жалғыздық сезіміне ұшырап, содан кейін әлеуметтік желілерге кіре бастайтын шығар. Немесе әлеуметтік желіде көп отыру реал өмірден ажырау сезіміне ұшыратады», — дейді Питтсбург университетінің профессоры Элизабет Миллер.

Заманауи ақпараттық технологиялар хат-хабар алмасуды айтарлықтай жеңілдетті әрі жылдамдығын асырды. Бұл адамдар арасындағы қарым-қатынастың да арта түсуіне ықпал етуі керек еді. Бірақ шынайы өмірде бәрі керсінше орын алған.

«Былай қарағанда, әлеуметтік желілер адамдарды қарым-қатынасқа жетелейтін сияқты көрінеді. Алайда, біздің зерттеу көрсеткендей, ол проблеманы адамдар күткендей шеше алмайды екен», — дейді Питтсбург университетінің профессоры Брайан Примак.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика