Сақ бол! Меруерт Түсіпбаева Баян Мақсатқызына ескерту жасады

26 февраля 2018

Меруерт Түсіпбаева Баян Мақсатқызына тағы сын айтты, деп жазады Today.kz.

«Алагөзова тақырыптан арнайы ауытқымасын. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда ол менің байымды тартып алып па еді? Оған өшігетіндей? Осы тақырыпты жаба салайын деп қысқа күнде қырық рет ілік іздеп жүрген журналиссымақтарға интервью беруден бас тартып жүрсем. Интервью беріп, анау-мынау деп қоймайды аузымды қышытым. Баян-ау! Сенің орныңда тып-тыныш отыратын едім тақырыпты ушықтырмай. 54 миллион әкеңнің қаржысы емес, мемлекеттікі ғой?! Қытайда болсаң, осы жағдай үшін сотталып немесе атылып кете барар едің ғой. Аяғың аспаннан салбырап түссе де… Былтыр ғана айып тағылған ағамнан қай жерің артық? Заң барлығына бірдей емес пе? Мемлекеттік тапсырыспен түсіріліп, халықтың 54 миллион қаржысын ысырап қылған «Баян сұлуыңды» жарамсыз, ұлтты қорлау деп тауып, кемшіліктеріңді тізбектеп жазған зиялы қауымның жанайқайына неге құлақ түрмейсің? «Я провалила проект. Қолымнан келмеді, деңгейім жетпеді» деп қателігіңді мойындау да ерлік-ау?» – дедіМеруерт. 

Меруерт Түсіпбаева қолында қаражаты болса, сериалды өзі түсіруге белін бекем буып отыр.

«Егер мемлекетімізде жол салатын компания асфальт төсеп, біраз уақыттан кейін, мысалы, жол тесіліп жүруге жарамсыз болып қалса, сотқа береді. (Сауаттысың ғой, ондай жағдайлардан xабардар боларсың…). Мемлекет кеткен қаржысын өндіріп алып, штраф салып, жол салуды басқа мекемеге тапсырады. Ұлттық мүддені қорлаған, шалажансар сериалға кеткен шығынды қайтартып, қайтадан тендер жариялап, білімді продюсерге түсірту еді менің ойым. Сөйте тұра әу баста қойылған мақсат – Президентіміздің «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан ұлттық арнасының тиесілі уақытын жауып қана қоймай (!) (эфирное время), қазақстандықтарға, әсіресе, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін, руxани азық болатын «Баян сұлу -Қозы Көрпеш» сериалын өңделген, жаңа күйінде ұсыну! Сен болсаң, тақырыпты бұрмалайсың! «Біресе рөл сұрады, біресе заказали» деп… Жерге түс, Баян! Тв саласына еңбегі сіңген атақты редактор Қайнар Олжайды оқы. Саған «киемен ойнама» деді. Қазақ – киелі xалық. Сақ бол, Баян! Зиялы қауым Президентке дейін бармақ… Одан да кешірім сұра xалқыңнан «сенімін ақтай алмадым» деп. Онда былай болсын. 54 миллионды қайтарыңдар, мен өзім түсіремін! Түсіре алмасам, бетіме келіп түкіріңдер! Тоқетері осы. Тақырып жабық», – деп жазды Меруерт Түсіпбаева. 

Естеріңізге салайық, Баян Алагөзова түсірген «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» сериалы Қазақстан Ұлттық арнасынан көрсетілген соң, дау туып, біраз адам сериалды арнадан алып тастауды талап етті. Талап етушілердің қатарында Меруерт Түсіпбаева да болды. Содан бері Баян мен Меруерт бір-біріне әлеуметтік желі арқылы шабуыл жасаумен келеді. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика