Сағадиев мұғалімдердің жалақысын өсірмек

9 марта 2017

Мұғалімдер айлығы өсетін болды. Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі осы бағытта жұмыстар атқарып жатыр. Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ерлан Сағадиев мәлімдеті.

ерлан сағадиев

«Педагогтардың жалақысы аз дегенмен келісемін. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Осыған дейін де айтып өткенімдей, барлық жаңашылдықтарды, оның ішінде қаржылық жайттарды педагогтармен, үкіметпен және мәжіліспен талқылау керек. Біз педагогтардың жалақысын 2017 жылдың бюджетінде сағаттардың көлемін қысқарту арқылы өсіре аламыз деген үміттеміз. Жалпы, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ балабақшалар мек мектептерде жеке сектордың кеңеюіне байланысты педагог мамандығының перспективасы жоғарылайды», — деді Сағадиев.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика