Сағадиев: «Мектептегі қағазбастылық жойылады»

20 февраля 2017

ерлан сағадиевМәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұстаздарды қағазбастылықтан құтқаратындығын жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Бүгінде біз ҰБДБ, Күнделік арасындағы қағаз есептілікті алып тастай аламыз. Бұл тұрғыда айта кетерлік бірқатар маңызды мәселелер бар. Бірінші — ол мұғалімдердің барлық деңгейдегі тексерушілердің алдындағы қорқынышы. Осының салдарынан олар электронды да, қағаз журналдарын да қатар жүргізуге мәжбүр. Бүгінде бірінші міндет- Қаржы, Білім министрліктері мен прокуратураның бірлескен нұсқаулығын шығару. Тексерушілер үшін журналдың қағаз және электронды нұсқаларын бірдей ету. Осыны барлық тексерушілерге жеткізу көзделіп отыр және мектептегі үрейді жою мақсатында тиісті шаралар атқарылуда. Бүгінгі таңда құжат Қаржы министрлігінде», — дейді министр.

Тағы бір айта кетерлігі, алдағы уақытта мектептердің барлығы интернетпен қамтамасыз етеді. Ерлан Сағадиевтің мәлімдеуінше, қазір «Сандық Қазақстан» бағдарламасын енгізу мәселесі бірінші кезекке қойылған. Ағымдағы жылы елдегі барлық мектептерді wi-fi-мен қамтамасыз ету жоспарлануда.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика