Сәбидің өміріне араша түскен мақтааралдық ұстаз марапатталды

27 апреля 2017

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданындағы Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Айгүл Тұр­сын­құлова ойламаған жерден ерлік жасады. Спорттық жарыстан кейін үйіне қайтып келе жатқан кезде ауыл­дағы орталық су канал бойынан кө­мек сұраған бүлдіршіннің дауысын ес­тиді. Суға тұн­шығып жатқан бала­ны көрген ұстаз бірден суға түсіп, өлім алдындағы 3 жасар баланы құт­қарып қалды. Айгүл Тұрсын­құ­ло­ва­ның тосын ерлігіне жұрт қайран қалды, аман қалған сәбидің ата-ана­сы мен әріптестерінің айтар алғы­сы шексіз.

Мақтаарал аудандық «Нұр Отан» пар­тия­­сының филиалы ерлік көрсет­кен ұстазбен арнайы кездесу ұйым­дас­­тырды. Жиын барысында аудан­дық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбді­манап Байдуллаев Айгүл Ақмет­бекқызының қас-қағым сәтте ерлікке тең әрекет жасап, үш жасар бүлдір­шінді ажалдан аман алып қалған­ды­ғына шынайы риза­шы­лығын білдірді. Аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің атынан Алғыс хат және естелік сыйлық тарту етті.
Айгүл Тұрсынқұлова орын алған оқиға туралы көзіне жас ала отырып, тебірене әңгімелеп, жиын қатысушыларын үлкен әсерге бөледі.
– Мен – 3 баланың анасымын. Сондық­тан ойланбастан суға секірдім. Менің ор­ным­да кім болса да сәбиді құтқару үшін осындай әрекетке барар еді. Бүгінгі сәби – ер­­теңгі Мәңгілік еліміздің болашағы, – деді ұстаз.
Айгүл Тұрсынқұлова Оңтүстік Қазақ­стан облысы Қазығұрт ауданы Ынталы ел­дімекенінде 1989 жылы дүниеге келген. Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің түлегі. Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданын­дағы Жамбыл атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі.

Дархан БАЙТІЛЕС

«Айқын«


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика