Ресейліктер Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлады (видео)

13 мая 2017

Соғыс уақыты. Псков облысына қарасты Невель қаласына жау әскері төніп келеді. Күш тең емес еді. Қаланы қорғауы тиіс қызыл әскердің қатары минут санап кеми түсті. Қаршадай ғана қазақ қызы өзінің ауыр жараланғанына қарамастан, пулеметінен оқ бүркіп, жау әскерінің жолын бөгеді. Анық өліммен бетпе-бет келгенін түсінді. Бірақ соңғы демі қалғанша қаланы қорғап қалды. 

Бүгінгі күн. Қазақтың батыр қызы құрбан болған Псков облысындағы Невель қаласында Мәншүк Мәметоваға арналған ескерткіш орнатылды. Бұл халықтың батыр қызға деген құрметі тәрізді еді. Бірақ өсіп келе жатқан буын оның ерлігінен бейхабар болып шықты. Ескерткіштің үстіне шығып, ойларына келгенін жасап жүр. Ал оларды жазалайтын жан бар ма? Тәртіпке неге шақырмайды? Күні кеше Қытайдағы қандастарымыз Үш бидің ескерткішін қорлаған жігітті халық алдына шығарып, кешірім сұратқан еді. Ал енді мына балаларды жөнге салар жан табылмағаны ма?


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика