Ресейлік имамдар қазақ тілін үйрену үшін елге келді

14 августа 2017

Ресейдің Саратов облысынан қазақ тілін үйрену ниетімен келген 4 имам Алматы қаласында 1 ай бойы білім алды, деп хабарлайды Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Имамдардың бірі тәжік, қалған үшеуі қазақ ұлтынан екен. Қазақ тілін үйрену себебін сұрағанда олар:

«Біз қызмет ететін аймақтың үштен бір бөлігі қазақтар. Оларға дін үйретудің ең тиімді жолы — олардың өз тілінде сөйлеп, ана тілі арқылы дінді түсіндіру», — деп түсіндірді.

Өз кезегінде Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек Әуесханұлы дін мен дәстүр жанашыры Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан елімізге ізгі мақсатпен келген имамдарға ҚМДБ имамдарының ресми шапанын жапты.

«Алдағы уақытта білім алуға келетін Ресейлік қандастарымызды құшақ жайып қарсы алуға дайынбыз. Діни оқу орындарында да білім алуға жол ашылады деген ойдамын», — деп ыстық лебізін білдірді Нұрбек қажы. 

Дереккөз: sputniknews.kz 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика