Ресей үкіметі өтемақы төлеуге міндеттелді

16 апреля 2017

Беслан трагедиясына қатысты дау қайта өрбіті.  Страсбургтегі Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Беслан оқиғасынан зардап шеккендерге Ресей өкіметі өтемақы төлеуі тиіс деген шешім шығарды. Сот шағым түсіргендердің «билік террористермен күрескенде күшті асыра пайдаланып, бейбіт адамдардың өмір сүру құқығын ескермеді» деген уәжімен келісті. Сондай-ақ, өкіметке зардап шеккендерге 3 миллион еуро төлеуді міндеттеді.

2004 жылғы 3 қыркүйекте Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы  орта мектепті терроршылар басып алып, 1200 адамды кепілдікте ұстаған еді. Содырлар білім күніне орай жиналған оқушылар, ата-аналар мен ұстаздарды үш күн қатарынан сусыз, ассыз спорт залда ұстаған.  Арнаулы жасақ шабуыл жасап, терроршылардың көзін жойғанымен,  шабуыл кезінде 334 адам қаза болды. Оның 186-сы мектеп оқушысы. Беслан оқиғасынан зардап шеккендердің туыстары ресейлік соттардан әділеттік таппаған соң, 2014 жылы Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағымданған болатын. Алайда Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков соттың шешімімен келіспейміз деп мәлімдеді.

— Біз осымен тоқтамаймыз, тергеу амалдарының қайтадан жүргізілгенін талап етеміз. Осы террактіге қатысы бар барлық адамдар жауапкершілікке тартылуы тиіс, —  жәбірленуші  ЭММА ТАГАЕВА.

Дереккөз: «31» арна.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика