Ресей мәселесі Гаага сотында қаралуда

8 марта 2017

Нидерландтағы Гаага халықаралық соты Ресейдің мәселесін қарастырып жатыр. Оған Украиналықтардың «»Мәскеу Қырым мен Шығыс Украинадағы сепаратистерді қаржыландырып, терроризмге дем берді және Қырым татарларын этникалық дискрминацияға ұшыратты» деген арызы  себеп болған.

Сот барысында ресейлік тарап өз айыптарын мойындаған жоқ. Олар Қырымның Украинадан бөлініп РФ құрамына қосылуы бейбіт сипатта өткенін алға тартуда. Ал оны терроризм мен этникалық дискриминацияға теңеп отырған украиндықтар жалған жала жабуда.
Айта кету керек, сот барысында бір топ нидерландық азамат Ресейге қарсы наразылық шарасын ұйымдастырды. Олардың дені Донбасс жерінде сепаратистер атып түсірген ұшақта қаза тапқан адамдардың туыстары.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика