Q: Байбек қайда? Шварценеггер Астанада? ФИФА-мен соттаспақ? Ұшамыз немен? Жолды бер? Баспана ал?

6 Сәуір 2017

Үнемі қозғалыс үстінде болатын немесе көл-көсір ақпаратты оқуға уақыты жетпейтін, бірақ ел жаңалықтарынан құр қалғысы келмейтін оқырман үшін жақсы жаңалық! Qasym.kz порталы сіздер үшін – елдегі ең соңғы жаңалықтарды «Q-Breaking News» айдары арқылы ұсынады. Ерекшелігі – 10 ақпарды 1 минутта оқып шығуға болады. Қысқа әрі нұсқа. Ал, кеттік…   

Алматы өзгермек. Байбек Жапонияда, Байбек Швейцарияда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Жапонияға келді. Шаһар басшысы Токио әкімі Юрико Койкемен екіжақты кездесу өткізді, кейін швейцариялық делегациямен кездесті. 

Ұшайық бірге. Жыл соңына дейін керосин жетіспеушілігі жойылып, елімізде әуе билеттері арзандайды. Нақтырақ, бағасы 25-30 пайызға дейін төмендеуі мүмкін.

Кілт ал. 6 мың атыраулық жыл соңына дейін баспаналы болады. 2017 жылы Атырау облысында 650 мың шаршы метр пайдалануға беріледі.

Жолды бизнеске. Республикалық жолдарды кәсіпкерлердің қарамағына өткізуді ұсынды Павлодар прокурорлары. Олардың айтуынша, жол нарығы монополизациядан (жеке дара иемденушілік) арылу керек.

Дабыл қақты. Ақмола облысында 3 мың тұрғыны бар Қажымұқан атындағы ауыл су астына кетуі мүмкін. Село әкімі 4 тәулік ұйықтамай, не істерін білмей әлек. Көмек керек.

Жеңіп көрсе. «Атырау»  футбол клубы ФИФА-мен соттаспақ ниетте. ФИФА «Атыраудың» 9 ұпайын жеп қойған екен, ал ФИФА болса қарыздарыңнан құтылыңдар,- дейді.

ЭКСПО-ға шақырды. Бақыттан басы айналған Ислам Бадургов мырза голливуд жұлдызы Арнольд Шварценеггерді құшақтап, Қазақстанға, ЭКСПО көрмесіне шақырды. Гипотезаға сүйенсек, Шварценеггер Астанаға келуі мүмкін,- дейді Бадургов.

Қар астында. Қостанай облысында мектеп автобусы қар астында қалды. Құтқарушылар 7 оқушыны аман-есен алып шықты. Жағдай тұрақталды, ал автобус әлі қар астында.

Алматылықтар ашулы. «Мынау ауа-райына не болды?!» – деп жарыса жазып жатыр желіде мегаполис тұрғындары. Синоптиктер болса, Алматыда ай ортасына қарай жылы болады деп сендірді.

Патшайымға сәлем айт. Қарағандылық Зобар Ядигаров бүкіл Британияны велосипедпен аралап шықпақ. Бұдан бұрын ол Түркия, Ресей, Индия, Грузия, Әзірбайжанға ірі экспедициялар ұйымдастырған.

  • Q: Cіз қай ақпар жөнінде толығырақ білгіңіз келеді? Астына пікір қалдырыңыз.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика