Полицейлерге ұсталып қалған мас жүргізуші әйел шоу көрсетті (видео)

16 мая 2017

Алматы қаласында мас күйінде көлік рөліне отырған әйел полицейлермен жанжалдасып қалды. Ол полицейлерге өзін соққыға жықты деген айып тағып, тәртіп сақшыларының талабын пысқырмаған, — деп хабарлайды  patrul.kz.

Алматыдағы стационарлық бекеттердің бірінде полицейлер әйел адам жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатпақ болған. Бірақ ол тәртіп сақшыларының талабына пысқырмастан, қашып құтылуға тырысты. Алайда көп ұзамай ұсталып қалды. Осыдан соң нағыз шоу көрсетті.

Көлік салонында әйелдің кәмелет жасына толмаған баласы мен күйеуі болған. Бірақ әйелі полициямен жанжалдасып жатқанда оның жан жары көліктен шықпай, тып-тыныш отыра беруді жөн көріпті.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика