Түн ортасында жалғыз жүрген қыздың ата-анасын іздестіруде

10 августа 2017

Астана полицейлері қала көшелерінің бірінде жалғыз жүрген жерінен табылған қыздың туыстарын іздестіріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz 

«10 тамызда түнгі бір кезінде полицейлер Қабанбай батыр даңғылында кәмелетке толмаған қызды тауып алды. Ювеналды полиция инпекторы қызды Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына апарды», — дейді Астана ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қыздың жасы шамамен 3-4-те, есімі Милана екенін айтады. Бойы 115-120 сантиметр, шашы қысқа, сары, қой көзді. Үстіне қызыл күртке, сары жилетка, ақ түсті футболка, қызғылт шалбар және аяғына қызғылт түсті мокасин киген. 

Қазіргі кезде қыздың туыстары, ата-анасы кім екені анықталып жатыр.  

Қызды таныған немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдарды мына телефондар арқылы хабарласуын сұрайды: 8 (7172) 71 60 22,  8 778 917 05 78.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика