Семей полигонының құрбаны қайыр сұрап жүр

7 мая 2017

Семей полигонының зардабын әлі күнге дейін тартып жүрген Берік Сыздықов базар жағалап, қайыр сұрауға мәжбүр. Бұл туралы Мақсат Жәнібек есімді желі қолданушысы жазды, — деп хабарлайды Qasym.kz

«Бұл кісі жайлы көп айтылды, көп жазылды. Журналистер мен блогерлар арасында соңғы рет Nurbek Bekbau мен Эльвира Ергалина репортаждарын ютуб желісінен байқап қалдым. Айтайын дегенім, Берік, Семей қаласының орталық базарының маңында алақан жайып, көмек сұрап отыр. Кезінде қала билігі Берікке баспана бердік деді. Алайда, Беріктің анасы баспананы Италья азаматтары алып бергенін және ол баспананы сатып, ұлына опперация жасатқандығын айтады. Тоқ етері, қартайған анасы, мүгедек баласымен жалдамалы баспанада тұрып жатыр. Мүгедектігіне төленетін қаражат аз болғандықтан, және жұмысқа жарамсыздығынан, Берік қазір осындай күйге түсіп отыр. Мемлекет өз қамқорлығына алатындай ақ жағдай…», — деді Мақсат Жәнібек.

Желі белсенділері арнайы шот ашып, полигон зардабын тартып жүрген Берік Сыздықовқа ел болып қолдау көрсету туралы бастама көтеріп отыр.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика