Петропавлда қыз үшін жанжалдасқан жігітті өлтіріп кетті

3 мая 2017

Петропавлдың Черемушек ауданында пышақ жарақаты бар жігіттің денесі табылды.  Жас жігіттің денесін жолдың бойында көліктен түсіріп кеткен. Белгілі болғандай жігіттер қыз үшін дауласып қалған. Олардың бірі сүйіктісін бір жігіттен қызғанып оған көлігімен келеді. Нәтижесінде келген жігіт үшін жанжал қайғылы аяқталып, оған пышақ салынған.

Қызтеке

Бұзақы қан-қан болған денені Рижск мен Интернациональный көшелерінің қиылысына тастайды да өзі өлген жігіттің көлігіне отырып кетіп қалған. Кейінірек ол көлікті Новопавловка ауданына қалдырады. Сондай-ақ, қайтыс болған жігіттің телефонын ұстап қаладан автобус арқылы кетіп қалуға талпынған.

Оның ізіне түскен полицейлер күдіктіні дереу ұстап алады.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика